Талдықорғанда Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында халықаралық конференция басталды

Талдықорғанда «Қазіргі заманғы қазақстандық Мәдениетті жаһандық әлемге ілгерілету» атты І Халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. Шараға Франция, Армения, Қырғызстан, Польша сынды мемлекеттерден арнайы қонақтар қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР «Рухани жаңғыру» кітапханасы жаңа 30 оқулықпен толықты Қазақ тіліндегі 100 кітап: Оқулықтардың электронды нұсқалары қолжетімді болады Балаларға арналған «Тәтті алма» әдеби жинағы жарық көрді Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында үш күнге жоспарланған ауқымды шара Бикен Римова атындағы театрда шымылдығын түрді.  Бұл жерде Алматы облысы әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлашов жиналғандарды тарихи тағылымы терең шараның басталуымен құттықтап,  жобаның маңыздылығына тоқталды. «Бүгінгі ауқымды шара Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» орталық жобалық кеңсесі Алматы облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылуда. Конференция барысында Жаһандық әлемдегі мәдени, көркем, әдеби, орындаушылық өнердің үздік үлгілерін танымал етудің және орталық және жергілікті деңгейде мәдени-демалыс саласын ұйымдастырудың негізгі тенденциялары мен үздік әлемдік тәжірибелерін талқылады», -деді  Ләззат Тұрлашов.  Конференцияда халықаралық спикерлер ретінде Сорбонн университетінің профессоры, Халықаралық ғылым және өнер институтының директоры, «Plastik Art & Science» Сорбонн баспа бағдарламасының директоры – Ольга Игоревна Кисселева (Париж қ., Франция); актер, Халықаралық «HIGHFEST» орындаушылық өнер фестивалінің Президенті; Метрополитан Лондон университетінің профессоры, докторы; Ереван мемлекеттік театр және кино институтының “Арт-менеджмент және мәдени саясат” кафедрасының меңгерушісі; Ереван қаласы, АР Мәдениет қайраткері – Гукасян Артур (Армения); Қазақстан мен Қырғызстандағы мәдениет және ынтымақтастық мәселелері бойынша Франция Елшілігінің кеңесшісі, 2015-2018 жж. Гийом Касперский (Франция); Белорусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің Психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, Германиядағы МАГО білім беруді ізгілендіру халықаралық академиясының толық мүшесі Ирина Александровна Малахова (Беларусь); драматург, театр сыншысы, «Thaetr – Dialogue» фестивалінің Арт – директоры, «Nova Scena» кретианвой кластерінің негізін қалаушы және директоры Томаш Киренчук (Польша) және басқалар. Сондай-ақ, қатысушылар арасында Қазақстанның қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдарының, шығармашылық және ғылыми интеллигенцияның өкілдері, ҚР Президенті Әкімшілігінің, министрліктердің, «Рухани жаңғыру» орталық және аймақтық жобалау кеңселерінің жауапты қызметкерлері және т. б. шақырылды. Конференцияның пленарлық отырысының модераторы-танымал тележүргізуші, журналист Айгүл Мүкей. «Мәдени интеграция және Мәдениет диалогы қоғамның тұрақты даму стратегиясы ретінде,  Заманауи мәдениетті қалыптастырудағы және дамытудағы мемлекеттің рөлі, Жобалық басқару мәдениетті ілгерілету факторы ретінде, Мәдени урбанистика – креативті-мәдени кластерлер фестивальдері арқылы қалалардың жаңа келбеті,Ежелгі Білім болашақ әлемдік мәдени кеңістікке территорияның ықпалдасуының векторы ретінде. Осы тақырыптар талқылауға ұсынылады», – деді ұйымдастырушылар. Әр елден келген қонақтарға қазақ халқының салт-дәстүрі насихатталуда. Шет елдіктер алтыбақан теуіп,асық ойнап, ұлттық өмірімізбен танысып жатыр.

inform.kz