Таразда 5 қабатты үй өртенді

30 мамыр күні кешкісін Тараздағы бес қабатты тұрғын үйден үлкен өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

19:34-те “101” пультіне 5-ші ықшамаудандағы бес қабатты үйдің өртенгені туралы хабар келді. Өрт сөндірушілер 19:38-да келгенде, үйдің шатыры түгелдей ашық отқа оранып жатқан.

171 тұрғын үйден көшірілді, оның ішінде 42 бала бар. 20 адам оттан құтқарылды, оның бесеуі бала.

Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 22:11-де толық сөндірілді.