Теңіз мұнай кен орнында WhatsApp-тағы сурет үшін тәртіпсіздіктер болған

Теңізде тәртіпсіздік басталды. Төбелес WhatsApp арқылы тараған фотодан болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімінің басасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 29 маусымда сағат 11:00-де “Теңіз” вахталық ауылында болды, “Сohsolited Contracting Endihering and Prourement s.a. L Offshore (ССЕР)” компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тың жақында жариялаған суретіне қатысты наразылықтарын білдірді, оның Whatsapp мессенджеріндегі суретінде қолында рация ұстап, антеннаны бір қызға бағыттап тұр.

Кейін желіде қақтығыстар түскен видео пайда болды.

Оқиға болған жерде уәкілетті органдардың барлық лауазымды адамдары мен аудан прокуроры жүр. Жұмысшылармен кездесу үшін облыс әкімі, полиция депортаменті, ҰҚКД басшылары, облыс прокуроры жоға шықты. Ондағы қауіпсіздікті аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қадағалайды.

kaz.tengrinews.kz