Түркістан облысында 9 келі анашамен мектеп мұғалімі ұсталды

Түркістан облыстық полиция қызметкерлері 9 келі марихуана сақтады деген айыппен мектеп мұғалімін ұстады деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап, Zakon.kz.

“Көкнәр” шұғыл-профилактикалық тексеру шаралары кезінде Түркістан облыстық полицейлері ірі көлемде есірткі сақтады деп күдікке ілінген Байдібек ауданының тұрғынын ұстады.

Байдібек аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның бірі үйінде анаша сақтайтынын хабарлаған. Осыған байланысты арнайы тергеу тобы құрылып, белгіленген жерге тексеру жүргізген.

Аудандағы мектептердің бірінде тарих пәнінен сабақ беретін мұғалімнің сарайынан олар шөп тектес 9 ораманы тәркіледі. Сараптама оның салмағы 9 келі болатын марихуана екенін анықтады.

Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодекстің 296, яғни “Есірткі, психотропты заттар, соның баламаларының заңсыз айналымы” бабы бойынша Байдібек аудандық полиция бөлімшесінің бірыңғай тізіміне алынды. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Қазіргі уақытта Түркістан облысы полицейлері күдіктінің мұндай ірі көлемдегі есірткіні неге үйінде сақтағанын анықтап жатыр.