16 жастағы оқушы қызды 24 күн бойы секс-құлдықта ұстаған таксист қамауға алынды

Прокуратура деректеріне сай, 13 ақпанда оқушы қыз Қытайдың Хунань провинциясының Шаньцзян қаласында такси тоқтатқан. 50 жастағы Лун есімді таксист өзінің микроавтобусымен қызды баратын жеріне жеткізіп тастауды ұсынады. Бірақ бір қауіпті сезген қыз минивэннен секіріп түскен, алайда Лун оның қашуына жол бермей, көлікке қайтадан күштеп тығады. Сосын басына мөшек кигізіп, аузына скотч жапсырған.

Қызды үйінің қараңғы, салқын жертөлесіне әкеп, қолы мен мойнына темір шынжыр байлады.

Қылмыскер бұрын-соңды үйленбеген. Қыз ұрлау жоспарын 2016 жылдан бері ойластырып, жертөлесі бар үй салған. Wechat әлеуметтік желісінде жарияланған ақпаратқа қарағанда, ер адам порнографияны көп көріп, санасы бұзылған.

Ал жәбір көрген қызбен қазір бірден екі психолог жұмыс істеуде.