“Адай” күйіне жалаңаш қыздарды билеткен мейрамхана басшысы көпшіліктен кешірім сұрады

Атыраудағы түнгі клубтардың бірінде жартылай жалаңаш қыздар “Адай” күйіне сахнада би билеген. Бұған куә болған жергілікті жігіттер мұны видеоға түсіріп, желіге таратқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

“30-нан 31-ші тамызға қараған түні Атырау қаласында жаңадан “BLACKBERRY” (@bberrykz) түнгі жын-ойнақ клубы реконструкциядан кейiн ашылуында “Адай “күйіне жартылай жалаңаш қыздар стриптиз билеп, Қазақтың күйін ез қылып жатыр! Атыраудағы бауырлар, неге мән-жайсыз бұндай дүниелерге жол беруде? Клуб әкімшілігі, ұйымдастырушылар, диджей және қыздардан ресми кешірім сұрауын талап етеміз!!! Құрметті облыс басшылары. Ватсап желісінде осы ақпарат тарап жатыр. Анықтап шарасын алу керек деп ойлаймын. Қаншалықты рас екенін тексеру керек. Егер жағдай анықталып рас болса, мейрамxана әкімшілігі ел алдында кешірім сұрауы керек!” деп жазды бұл видеоны Facebook-ке жариялаған Шынарбек Қабиев.

Осы жазбадан соң Атырау облысы әкімдігі мен клуб басшылығы ресми мәлімдеме жасап, көпшіліктен кешірім сұрады.

“Техникалық ақау болды. Қыздар сахнада билеуі тиіс еді. Содан музыканттар сасқалақтап “Адайды” ойнады. Әрине, бұл дұрыс емес. Ол үшін халықтан кешірім сұраймын. Диджейді жұмыстан шығардық. Енді мұндай қателікке жол бермеймін деп уәде беремін”, – деді мейрамхана басшысы желіде жарияланған видеода.

Осы көтерілген мәселе бойынша Атырау облысы әкімшілігі Нұрлан Асқарұлы, оның ішінде ішкі саясат басқармасы басшысы Жасұлан Бисембиевке алғысымды білдіргім келеді. Араға 5 минут уақыт салмай жағдайдың ақ қарасын анықтап, дер кезінде шешімін алды. Мейрамxана әкімшілігі болған жағдайға өкініп, кешірім сұрады. Сын түзелмей, мін түзелмейді. Азаматтарға раxмет. Өзімізді өзіміз түземесек, сырттан келіп ешкім жаны ашымас.

Опубликовано Шынарбек Кабиев Суббота, 31 августа 2019 г.