Алматы полициясы Сейфуллиндегі жезөкшелер мен таксистерді “нанынан айыруда”

Алматы қаласының полициясы қала әкімінің тапсырмасымен Сейфуллин даңғылының бойынша тұрақты түрде рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл рейдтердің мақсаты – интим-қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздар мен притон ұстайтын жеңгетайларды анықтау.

Рейд басталғалы бері 1200 жезөкше, притон ұстауға қатысы бар 205 адам және жезөкше тасумен айналысқан 87 таксист анықталды, деп хабарлайды nur.kz.