«Анау Төре. Мынау қара қазақ». Төренің жігітіне қазақтың қызы неге тең емес?

Жақында ғана әлеуметтік желілерденоңтүстікте тұратын бір Қожа «қаратабанқазаққа шықпайсың » деп қызын сүйгенжігітіне бермей қойғанын оқып жағамдыұстаған едім.

Жиырма бірінші ғасырда «бұл не қылған ескініңсарқыншағы» деп ойлап қойғанмын. Алайдаоңтүстіктер салт-дәстүрді берік ұстайтынболғандықтан, ол жақта бұл өте бір оқыс оқиғаболып саналмайтын шығар. Қалыпты жағдайболуы мүмкін.

Жә, айтпағым бұл емес. Өзге.

Мен — орысшасы көп солтүстіктіңқазағымынАуылымыздың жартысы қазақ, жартысы славяндар. Бірақ солай бола тұра, біздің жақта да ескі дәстүрге сүйеніп жататындараз емес.

Өткен жылы мынадай бір жағдай болды:

Бір көшеде тұратын көршінің баласы үйленбекболып біраз дайындалды. Бірақ той болмады. Неге дейсіздер ғой, әшейінде адамдарменаралас-құраласы жақсы әлгі жігіттің әке-шешесіжеме-жемге келгенде баласының алатын қызынакөңілі толмапты.

Ең бастысықыздың елі Қыпшақболғанына тірелгенекенСөйтсе бұлар Төрелердіңтұқымы екен.

Жігіттің әкесі:

«Біз Төреміз. Сонау тамырымызданбастап Ақсүйекпіз. Сондықтан осы дәстүрді сақтап, ұлымыздың алатынәйелі де Төре болуы Заң.

Қыз жағы ренжімесін» деп, баласын тиыптастапты.

Онымен қоймай, «қыз небәрі колледж бітірген. Жоғары біліміжоққарабайыр біреу екен. Ал біздіңбаламыз АҚШ-та оқып келген. Өсетінбала. Оған соған сай білімді жар керек», деп шіреніпті.

Мұны естіген сол маңайда тұратын орыс-қазағыаралас көршілер: «қазір ру-руғаТөре-қарағабөлінетін заман ба? Өткеннің сарқыншағын неге жаңғыртады. Ең бастысы балалар бірін-бірінжақсы көрсе, сыйласа болды емес пе?», депбіртүрлі болып қалғанбыз.

Содан не керекәке-шешенің айтқанынан шыға алмағанбала әлгі қызды алмады.

Ары қарай тағдырлары не болды, білмедім.

Айтқым келгені, мұндай жағдай тек оңтүстіктеғана емес, еліміздің әр бұрышында кездесіпқалатыны өкінішті.

Жарас Арғынбек