Анджелина Джоли мен Брэд Питт ресми түрде ажырасты

Анджелина Джоли мен Брэд Питт ресми түрде ажырасты, – деп хабарлайды lenta.ru The Blast порталына сілтеме жасап.

Сот ажырасу туралы келісім күшіне енбегеніне қарамастан, оларды айырылысты деп жариялаған. Джоли мен Питт дүние-мүлікті бөлісу және алты баланы қамқорлыққа алу мәселелерін шешіп алуы қажет.

Басылымның хабарлауынша, әртістер келісімшарт күшіне енбестен бұрын ажырасу процесін аяқтауды жөн санаған. Себебі ажырасу ұзаққа созылғаны оларды шаршатқандығын айтқан, оған қоса екеуі де демалуды жөн санаған.

12 сәуірде The Sun дереккөздері Джолидің әдейі ажырасу барысын созып жатқандығын мәлімдеді. Ол Питтпен ажырасқысы келмейтін секілді. Қаңтарда Питті әртіс Шарлиз Теронмен жақын қатынаста жүр деген күдікке ілінген. Бірақ, кейін олардың таныстары бұл қауесеттің жалған екенін айтқан. Себебі олар жақсы дос.

Джоли мен Питт 2014 жылдың тамызында отбасы құрған. Ал 2016 жылдың қыркүйегінде Джоли ажырасуға ұсыныс жасаған. Оның себебі Питтің балаларға қарау әдісі оған ұнамаған деп хабарланды.

kaz.tengrinews.kz/