Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды

Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды. Бұл туралы Алматы полициясының өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлердің мәліметінше, Ернар Айдар және тағы 12 адам бір ғимаратқа жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойнатқан.

“Экономикалық тергеу қызметінің мамандары ұстады. Негізгі іс осы ведомствода. Полиция бұл жағдайда ұсталған адамдарға қатысты карантин режимін бұзғаны үшін шара қабылдайды. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды”, – деді Медеу ауданы полиция басқармасының бастығы Болат Тотыбаев.

Іс материалдары Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына шешім шығару үшін жіберілген.

Полицейлердің мәліметінше, төтенше жағдай және карантин режимін бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуден бастап 15 күнге қамалуы мүмкін.