Ақша бар жерде сұлу қатын, сұлу қыз бар…

Көлігіме  отырып,  жүре  бергенім  сол  еді, подезден  жүгіре  шыққан,  көрші  пәтерде  тұратын  ағай айқай  сап,  қол  көтерді.  Тоқтадым.  «Таксовкаға  бара  жатырсың  ғой,  мені  орталыққа  ала кет.  Ақыңды  беремін»  деп ,  мен ауыз ашқанша мініп  алды. Жүріп кеттім. Қатып  киінген. Иіссуды өлгенше  сепкен  екен. Бұрқырап  тұр. «Менікі  сол  қыдырыс  қой,  бауырым»  деді.

Мен  ешнәрсе  сұрамасамда.   Бұл  ағайдың  аты  Сәрсен. Қанша  жыл  болды,  көршіміз. Бір  білетінім,  өзінің  шағын  кәсіпорны  бар. Кәсіпкер. Ол тірілігі  қалай  жүріп  жатқанымда  шаруам  жоқ. Әйтеуір  жүргіщ екенін  білемін.   Ара-тұра  әңгімелесе  қалсам, «Бұл  өмірде әйел деген  затқа  тоймай-ақ кететін  сияқтымын. Біріне  қол  жеткізсем,  жалт-жұлт  етіп екіншісі  шығады,  оны  ретін  тауып  аунатсам,  үшіншісіне құмартып  қаламын. Әй  жалған  дүние-ай,  әйелдің  етегіне  телміртіп  қойған»  деп қыз-келіншектер  жайында әңгімені  қыздырып  жіберетін. «Аға  мына  айналадағы  басы бос  орыс,  қазақ,  кәрістің  қыз-келіншектерін  бітірдің. Былайғы  барып  жүргендеріңіз  қанша ма,  Алматыда сіз бармаған әйел  жоқ  шығар. Олардың  бәрін   сыйқырлы  болмасаң  қалай  түсіріп кетіп жүрсіз?»  дегенмін  бірде.  «Ой,  бауырым  соныда  білмейсің бе?

Оларды  мен емес,  менің  қалтамдағы  ақша  түсіріп жүр. Мына  заман  ақшаның  заманы. Ол болса  бәрі  болады.  Ол  болмаса, ешнәрсе  болмайды. Кәрі  бұқадай,  кәрі  қатыныңның етегін  иіскелеп, ошақ басынан  шықпайсың. Құдайға  шүкір,  бизнесім  дөңгеленіп  жатыр. Демек  ақша  бар.  Ақша  бар  жерде сұлу  қатын,  сұлу  қыз  бар  деген сөз» деп шіренген.  Міне  тағы  шауып  барады.  «Бұл  жолы  кімге  бармақсыз?»  дедім. «Бір алыс танысымның  сұлу  қарындасы  бар екен.  Соны  жұмысқа  алшы  деп жабысып  жүр.  Кеше  ол қыз   алдыма келіп кеткен.  Дене  бітімі  жұп-жұмыр, сұп-сұлу екен. Ондай  қызды  неге  жұмысқа алмайын,  аламын әрине. Бірақ  өзімше  бәлсініп, «көрейін» деп мардымсынып  едім,  «Ағай  қаржы  жағынан  қиналып жүрмін. Қалайда алыңызшы,  айтқаныңыздан шықпаймын»  деп  менің  көкейімдегіні  оқып  қойды. Қу екен.  Содан  «кеңірек  отырып сөлесейік»  деп  бүгін кафеге  шақырғанмын.   Келісті. Демек  ол қыз бәріне  «келісті»  деген  сөз. Қазір  біраз  ішіп-жеп  отырған  соң,  ары  қарай қонақ  үйге  жетелеп кетемін  ғой.  Көнбей  көрсін,  Жұмысқа  тұрғысы келсе көнеді  де,  қайда  барады?  Солай  біздің тірлік»  деп  Сәрсен ағай  керіліп қойды.  «Үйдегі  жеңгей  үндемей  ме?»  деп едім, «Ол біледі. Менің  жүретінімді. Бірақ  не  істейді.   Табыс тауып, қолын жылы  суға  малып отырмын. Балаларымның  ішкені алдында,  ішпегені артында. Бүкіл  өзімнің  оның  туыстарына да қарасып  жатырмын. Осының  бәрін  көріп отырып, үндемейді. Тіпті үндегенде  не  дейді? Елуге келді.   Кемпір. Бәрібір  жас қыздай  бола алмайды.  Соны  сезіп,  әйтеуір табыс тауып  үйге әкеліп жүргені ме, өзгемен кетіп қалмай отбасыма қарап отырғаныа шүкіршілік  етеді де? Басқа оған  жол қайда?»  кеңк-кеңк  күлді.

Сәрсен ағаны айтқан кафесінің  алдына әкеліп тастадым.  Ол  болса, өзін күтіп  тұрған  жап-жас сұлу  қыздың  қолын алып,  бетінен  сүйіп,  қолтықтап  ішке  кіріп кетті. «Шіркін ақша  не  істетпейді. Қалтасында  дымы  жоқ  болса,  ана сұлу  қыз   мына  мес  қарынға  бұрылыпта  қарамас еді-ау»  деп  бір күрсініп   ары  жүріп кеттім.   Жүріп келе жатып Шалқар  деген  досым  есме  түсті.  Ол  да  жүргіш. Үйіне  барсаң  ішірге асы,  сығарға  биті,  үрерге  иті  жоқ  қайыршы. Сүйтіп  жүріп  қызға  барғыш. Рас  кезінде  олда кәсіпкер  болған. Бірақ  тапқан-таянғанын  саунаға,  бильярдқа,  жезөкшелерге  шашып,  банкрот  болған. Қазір жаман  машинасын  мініп алып, Алматының  көшелерінде такси болып,  күн көріп  жүр. Сүйтіп жүріп  қызға  барғыш. «Әй  тапқаныңды  үйіңе  апрасаңшы»  деп кейде  ұрсамын.  Әрине  досым  болған соң,  жаным ашыған  соң.  «Үйге  қанша  апарсаңда  жетпейді. Шаршаймын. Содан бес-он мың теңгені  бір демалайын  деп  жезөкшелерге жұмсаймын. «Ауру  қалсада әдет қалмайды» деген рас  екен. Аптасына кемдегенде, бір қызбен  жатпасам, бір  нәрсе жетпегендей боламын. Қиын.

Бүгінге  дейін мың  төрт  жүз  қырық  жеті  қызбен  жатыппын.  Оның  мыңға  жуығы орыс, славян  қыздары,  қалғаны  өзіміздің  қара көздер»  деп  сонымен  қоймай  мақтанатыны  бар.  «Сол жезөкшелерге  қанша  ақшаң кетті,  соны отбасыңның  игілігіне  жұмсасаң   етті. Жаңа  машина  мініп, жақсы  үй  салып шалқып  жүрер едің  ғой» деп ренжіп едім,  «Е-е  дос-ай, сол қатындарға  талай  миллион  кетті  ғой. Сен секілді  ақшаға қатты  болсам, шалқып  жүрере едім,  қазір кейбір  достарым шірік  Шалқар  деп атайтын  болды.  Өйткені  машинамның  біраз  жері  шіри бастады. Соны жасатуға  ақша қимаймын  ғой.

Бірақ  қыздарға келгенде   мырза  болып кетемін» деп күрсінген.   Сол Шалқар  дос  есіме  түсті. «Сәрсен ағайдікі  тойып секіру, ал Шалқар  досымдікі  қай  секіру » деймін іштей  ойланып.  Рас,  бүгінгі  күні Букмекерлік  кеңселерге  барып,  спорт  ойындарына   жүз мыңдап,  миллиондап  ақша  тігіп, ұтылып қалып қарадай жүйкесі  тозып,  қарыздан-қарыға  кіріп жүргендер қанша  ма? Ал Шалқар секілді қатынқұмарларда  солардан асып кеткені  шамалы. Айырмашылығы  бірі Букмекерлік компанияларға  барып  ақша  шашады,  екіншісі  жезөкшелерге барып ақша  шашады.  Сосын  тоз-тоз  болып  жүйкелері  жұқарып жүргендері.  Соның  бірі  осы  Шалқар досым.  Сондай  тірліктің   кайфіне кіріп, шырмалып қалғандарды  түзеу қиын  шығар.  Қайдам?

 

Жолдасбек  Мырза