Біле білсең, қыз «сындыруда» өнер…

Кем дегенде 40-50 адам жұмыс істейтін ұжымда бір қыдырымпаз сал-сері болатыны ақиқат. Бұған ешкім дау айта алмас. Мүмкін ол қыз-қырқынды жылы сөзімен, мәртік ісімен баурап алып, реті келсе астына салып, құмарын тарқатып жүретін сері жігіт болуыда мүмкін. Бәлкім ол сұлуда сымбатты денесімен еркек біткенді өзіне магитше тартып, құмар етіп қоятын сылқым де мекіре келіншек не болмаса қыз болуы да мүмкін. Бірақ мейлі ол ұрғашы, мейлі еркек болсада жасайтын тірліктері біреу. Ол ретін тауып өзіне ұнаған қызды не жігітті қойнына алу. Яғни төсек қатынасына түсу. Болды.

Олардың көздеген мақсаты осы. Сондай сері жігіт біздің де ұжымда бар. Есімі Шалқар. Түрі дене бітімі келіскен жігіт. Қыз-келіншектерге «жаным», «қарындасым», «қызым» деген сөздерді қосып сөйлейді. Иттің тілі өте майда. Ерітіп жібереді. «Аспандағы айды алып беремін» деген сияқты орындалуы қиын уәделерді де үйіп-төгіп бере салады. «Жылы-жылы сөйлесе жылан іннен шығады» демекші Шалқар сері майдалап, тұздықтап сөйлегенде қыз-қырқын бір түрлі болып, «сынып» қалатыны бар. Аздаған ақындығы, аздап ән салатындығы және той басқаратын өнері де бар. Қашан көрсең де өңді қыз-қырқынды жетелеп жүргені. Өзінің аузының салымы бар. «Неге екен, кез-келген қызды, тіпті байы бар келіншектерді де сындыру, жетелеп алып барып, төсекке жатқызу маған қиын емес. Білмеймін, сендерге қарағанда сәл көріктілеу шығармын, бәлкім тілім жұмсақ болғандықтан ба, әйтеуір бойымда қыз-келіншекті арбап алатын бір жұмбақ қасиет бар. Қазақ тұрмақ, орыстың қыздарының өзі «Какой ты красивый, какой ты силный мучина Шалкар» деп өліп –өшіп қалады. Соған қарағанда расында менде қыз-қырқынды арбап тастайтын бір сиқыр бар. Жалпы жүргіштікте, қызды сындыра білуде өнер. Бұл «өнер» маған ту біткен сияқты. «Сынбайтын қыз жоқ, сындыра алмайтын жігіт бар» демекші, мен кез-келген «мен» деген қызды ілезде сындырып кете аламын» деп Шалқар ара-тұра бөсіп қоятыны бар. Оның хоббиі төсектес болған қыз-қырқынды тізімдеп жүреді. «Төсектес болған қыз-келіншектердің саны 1700 тақады. Оның 1000 жуығы орыс яғни славян қыздары, қалғандары өзіміздің азиаткалар. Былайша айтқанда қазақ, ұйғыр, өзбек, тәжік, қырғыз қыздары. Менің жанымда анау әлемге әйгілі «Дон Жуан» далада қалады. Ол бар жоғы, 150 тақау қыз-қырқынмен әуие болған екен. Ал мен болсам 1700 тақау ұрғашымен жатып үлгердім». Шалқар осылай бөседі. Бірақ оның айтып отырғаны шындық. Өйткені көзбен көріп жүрміз. Осы жылдың басында ұжымға көрікті бір келіншек келіп қосылды. Шымкент жақтың қызы еді. Түрінде, дене бітімінде мін жоқ. Тәртіпті. Жұмысқа тура келіп, тура кетеді. Ұжымда болып жататын той-томалақтарға қатыспайды. Отбасым, күйеуім деп өліп тұрады. Бәріміз ғашық болып қалғанбыз. Бірақ ол бізге пысқырыпта қарамайды. Содан жынымыз келіп, бір күні ұжымдағы жігіттер түстік ішіп отырғанда «күшті болсаң осы келіншекті түс ірші. Нағыз сері екеніңді көрейік» дескенбіз. Шалқар тартынбады. «Өзімде ойлап жүр едім. Иттің қатыны піскен баырсақтай тәтті. Иісі бұрқырап тұр. Қанша отбасым, байым бар деседе, оны көктемге дейін түсіремін» деп Шалқар бізге уәде берді. Сондан кейін -ақ ол сол келіншек отыратын бөлмеге әлденені сылтау етіп жиі кіретін болды. Бір күні ол «бетін бер қараттым, бір балағын шешіп қойдым» деп жымың-жымың етті. Енді бірде «ол келіншекті көлігіммен үйіне жеткізіп салып жүрмін» деп мақтанды. Расында әлгі сылқым келіншектің жұмыс соңында бірнеше мәрте Шалқардың көлігіне отырып жатқанын көзіміз шалды. Содан не керек, бір күні жігіттер жиыналып, асханада түстік ішіп отырғанда Шалқар қалта телефонын ортаға қойып, «мынаны қараңдар» демесі бар ма? Бәріміз телефонға төндік. Не көрдік дейсің ғой. Әлгі «байы ма, отбасыма адалмын. Ешкімге ешуақытта айырбастамаймын» деген сылқым келіншек оңаша пәтерде Шалқардың құшағында тыр-жалаңаш жатыр. Өліп-өшкен сүйіс… Бір түрлі болып қалдық. Отбасына шексіз берілген нағыз идиал болатын келіншекпе деп жүргеніміз, жәй ғана пенде болып шықты. Бір сәттік ләззаттың қызығына бөгіп, байының көзіне шөп салып, біреудің қойнынада жатыр. Бұған не дейсің? Шалқарға қалай түсіп қалды? Белгісіз. Бәлкім оның жылы сөзіне бәлкім көрікті түріне қызыты ма екен? Білмедік. Қалай болсада Шалқардың ашынасына айналып шыға келді. Демек Шалқарда қыз-қырқынды баудай түсіретін бір қасиет болып тұр ғой. «Ауызбен айтсам сенбейсіңдер сондықтан ретін тауып телефонға тартып алдым» деп Шалқар мәз. Не дейік, «нағыз сері екенсің» дедік те қойдық. Тіпті әлгі келіншекті Шалқардан қызғаныпта қалдық. «Бұл не қылған аузының салымы бар жігіт» деп іштей ойлап қойдық. Шалқар сері сүйтіп ортамызда шалқып жүріп жатыр. Бұл жерде айтқым келгені, Шалқар айтқандай «жүргіштікте, қыз-қырқынды баудай түсіріп, өзіңе тарта білуде рас ында өнер секілді. Бәлкім сіз жұмыс істейтін ұжымда да осындай «серілер» бар шығар. Айта отырайық.

Жолдасбек Төреғалитегі