Димаш алдағы үш айда Еуропаның 11 қаласында жеке концерт береді

Димаш Құдайберген алдағы үш айдағы Еуропа елдерінде өтетін концерттерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Arnau tour концерттерінде көріскенше», – деп жазды әнші instagram парақшасында. Белгілі болғандай, Димаш 16 ақпанда Краснодарда (Ресей), 20 ақпанда Қазанда (Татарстан, Ресей), 23 ақпанда Екатеринбургта (Ресей), 7 наурызда Ригада (Латвия), 9 наурызда Мәскеуде (Ресей), 11 наурызда Киевте (Украина), 19 наурызда Гамбургте (Германия), 21 наурызда Дюсселдорфта (Германия), 23 наурызда Штутгардта (Германия), 25 наурызда Прагада (Чехия), 4 сәуірде Минскте (Беларусь) жеке концертін өткізбек.