Димаш концертінде алғаш рет жанкүйерімен бірге ән шырқады

29 қарашада Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Мұз сарайында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті.

Әлемге танымал әншінің концерті туралы әлеуметтік желіде көптеген фото-видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Димаш Құдайберген Санкт-Петербургте өткен концертте Индонезиядан келген жанкүйерімен алғаш рет дуэт болып ән шырқады», делінген dimashnews.com сайтында. Айырықша даусымен әлем жұртшылығын тамсандырған Димаш Құдайберген Индонезиядан келген жанкүйерімен дуэтте алғаш рет ән шырқады. 29 қараша күні Санкт-Петербургтегі концертте Димаш Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған өз туындысы «Ұмытылмас күн» әнін Римар есімді индонезиялық фанатымен бірге орындады. Естеріңізге сала кетейік, мұның алдында Димаш өзінің «Ұмытылмас күн» деген әнін бойжеткен жанды даусымен орындап, әлеуметтік желіде жариялаған болатын.