Димаш Құдайберген Джеки Чанның кинофестивалінде қонақ болды

Димаш Құдайберген Джеки Чанның кинофестивалінде қонақ болады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Орындаушы іс-шараның афишасын жүктеп қойды. Димаш Құдайберген қытайлық Датун қаласында Джеки Чанның бесінші халықаралық экшн-фильмдер апталығының ашылу рәсіміне қатысады. “See you tomorrow (ертең көріскенше)”, – деп жазды ол. Танымал қытайлық актер Джеки Чанның экшн-фильмдер апталығы 21-27 шілде аралығында болады. Еске салсақ, 2018 жылдың 20 желтоқсанында Димаш Құдайберген әлемге әйгілі қытай актері, режиссер, каскадер, әнші Джеки Чанмен кездескен еді.