Димаш Құдайберген: Көрерменді алдауға немесе шпор пайдалануға болмайды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мәскеуде баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. 

«Мен әр концертімде көрермен алдында емтихан тапсырғандай боламын. Онда көрерменді алдауға немесе шпор пайдалануға болмайды» деп әзілдеді Димаш Құдайберген Мәскеу қаласында өткен баспасөз мәслихатында. Оған әншінің әкесі Қанат Айтбаев пен ресейлік танымал композитор Игорь Крутой қатысты.