Димаш Құдайберген онлайн концерт береді

Димаш Құдайберген онлайн-режимде Bastau концертін өткізеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әншінің жеке концерті 13 мамырда сағат 20.00-де Мәдениет және спорт министрлігінің YouТube арнасында көрсетіледі.

Сондай-ақ, концертте опера әншісі әрі “Астана Опера” солисі Майра Мұхамеджанқызы, “Евровидение-2012” байқауының жеңімпазы әнші Лорин, ұлыбританиялық әнші әрі композитор Эллис-Бекстор мен ресейлік әнші Кристина Орбакайте өнер көрсетеді.