Димаш Құдайберген өзін айнытпай салған қызды іздейтінін айтты

Димаш Құдайберген өзін айнытпай салған қызды іздейтінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Қазақстандық әнші бейтаныс қыздың телевизиялық шоуда өнер көрсеткен видеосын жариялады. Қатыстушы Димашты айнытпай салып, Sos Dun Terrien композициясын орындайды. “Өте қызық пародия. Бұл қыз маған өзімнен де қатты ұқсайды. Өте шебер орындаған. Қай елде болған екен?”, – деп жазды әнші.

Kaz.tengrinews.kz