Димаш Құдайберген “Виктория” сыйлығының екі аталымында да жеңіске жетті!

Димаш Құдайберген Ресейдің “Виктория” сыйлығында екі номинацияны жеңіп алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұндай қуанышты жаңалықты баршаға әншінің өзі жеткізді.

“Құрметті достар, мен аса қуанышпен сіздерге ресейлік “Виктория” музыкалық премиясында екі аталымда -“Классикалық музыкада жылдың әншісі” және “Жыл жаңалығы” бойынша жеңіске жеткенімді жеткізгім келеді. Менің барша әлемдегі тыңдармандарыма қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет! Бұл жеңісімді әлемдегі барша тыңдармандарым #dears-қа арнадым”, – деп жазды ДимашInstagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ, ол Ресейдегі командасына және композитор Игорь Крутойға ризашылығын білдірді.

“Виктория” – Ресейдің тұңғыш әрі бірегей премиясы. Мұнда жыл қортыныдысы бойынша ең үздік кәсіби шеберлер – музыкант, орындаушы, сазгер, ақын, музыка сыншысы, журналисттер таңдалады.