Димаш Құдайберген жапондықтарды концертке шақырды

Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Жапонияда өзі қатысатын концертке Жапония тұрғындары мен туристерін шақырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

24.kz мәліметінше, Димаш Құдайберген ABU TV Song Festival 2019 концертінде өнер көрсетеді. Ол шақырылған қонақтар ретінде Қазақстанның атынан шығады. Концерт 19 қарашада өтеді.  Instagram желісіндегі парақшасында Димаш жапондық көрермендерді концертке шақырды. Бұл концертте Азия-Тынық мұхитына кіретін елдердің үздік әншілері өнер көрсетеді.