Димаш Құдайбергеннің әні 2019 жылдың үздік клиптерінің тізіміне енді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің “Любовь уставших лебедей” әніне түсірілген клипі “МузТВ” нұсқасы бойынша 2019 жылдың үздік клиптерінің тізіміне енді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “ВКонтакте” әлеуметтік желісіндегі “Димаш Кудайберген | Eurasian Fan Club” парақшасында әншінің клипі жылдың үздік 100 клипіне енгені айтылады.  “Димаш Құдайбергеннің “Любовь уставших лебедей” әніне түсірілген клип тізімде 24-орында тұр”, – делінген хабарламада.