Димаш сұранысқа ие орындаушылардың үздік бестігіне енді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемнің әр түпкіріндегі Dear арқылы дауыс беру кезінде сұранысқа ие орындаушылардың үздік бестігіне енді.

Бұл туралы ҚазАқпарат DimashNews сайтына сілтеме жасап хабарлайды. «9 қазан күні MTV-дің ресми YouTube каналындағы тікелей эфирде Димаштың тағы бір бейнебаяны көрсетіледі. MTV-дің ресми YouTube каналы тұңғыш рет 2 қазан күні Димаш Құдайбергеннің «Қайран елім» шығармасының көрсетілімін берген болатын. Ол үлкен көрсеткішке ие болды. Әлемнің әр түпкіріндегі Dear арқылы дауыс беру нәтижесінде сұранысқа ие орындаушылардың үздік бестігіне енді», – делінген хабарламада.

Еске салсалсақ, MTV USA арнасында Димаш Құдайбергеннің қазақ тіліндегі бейнебаяны көрсетілді. Осылайша Димаш – MTV арнасынан қазақ тілінде ән салған тұңғыш әнші болды.