Димашты “секс-символ” деп атаған Малахов көпшілік алдында кешірім сұрады

Ресейлік композитор Игорь Крутойдың мерейтойына арналған «Привет, Андрей!» бағдарламасының екінші эпизоды «Россия-1» телеарнасының YouTube каналында пайда болды. Ал бұл шығарылымда осы жолы көпшіліктің екі еке назарына ие болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қонақ болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Андрей Малахов қазақ орындаушысынан оны жаңа секс-символ ретінде таныстырғаны үшін кешірім сұрады.

“Менің Instagram парақшам көптеген хаттың астында қалды. “Оны осылай деп атауға қалай дәтіңіз барды? Ол біздің ұлттық мақтанышымыз, қайдағы секссимвол? Ол сіздерде Ресейде шығар…”деп жарыса жазды бәрі. Кешірім сұраймын“, – деді тележүргізуші.

Сонымен қатар, ол өз сөзіне не себеп болғанын да атап өтті.

“Сол күні концертте саған қаншама құшаққұшақ гүл сыйға тартылғанын және сенің әр түрлі жастағы адамдар арасында ажиотаж туғызғаныңды көріп, бірінші рет сондай құрметке куә болғандықтан таңғалдым. Кешір, Филипп…”, – деген Малахов әзіл ретінде Киркоровтан да кешірім сұрады.