Димаштың отбасы Игорь Крутойға туған күнінде не сыйлағаны белгілі болды

“Россия-1” телеарнасындағы “Привет, Андрей” бағдарламасында жүргізуші Андрей Малахов Димаш Құдайбергеннің отбасы Түркияда композитор Игорь Крутойға туған күнінде не сыйлағанын айтты, – деп хабарлайды Тengrinews.kz.

“Бұл туған күніңізде алған ең үлкен сыйлық сияқты”, – деді Малахов.

Қазақстандық әнші мен оның отбасы композитордың туған күніне Крутойдың өзі мен жары Ольга бейнеленген үлкен портрет сыйлаған.  “Отбасымызбен не сыйлаймыз деп ойладық. Сіздің тамаша отбасыңызды, Ольгамен қарым-қатынасыңызды көріп жүрміз. Келесі жылы 25 жылдықтарыңызды атап өтесіздер. Осы қонақтар отбасыларыңыздың 50, кейін 70 жылдық мерейтойына келуін тілейміз”, – деді Димаштың әкесі Қанат Айтбаев.

Kaz.tengrinews.kz