Досымның әйелі – көңілдесім

Әнуар – жақын досым. Сонау студенттік жылдардан бері жақсы араласып тұрамыз. Бірақ соңғы бірер айда онымен кездесуден қашқақтай бастадым. Неге екенін, оның жүзін көрген сайын кінәлі адамдай бүгежектеп қаламын. Неге дейсіз ғой, өйткені, мен оның әйелімен көңілдеспін. Бәрін басынан бастайыншы.

Бірде жұмыста отырып, әлдебір себеппен Әнуардың үйіне телефон шала қалмасым бар ма. Трубканы әйелі Гуля көтерді. Алғашқы амандықтан кейін-ақ мен екенін білген соң, ыңырси сайқалдана сөйледі. Гуля – келісті, ажарлы келіншек. Ыңырси сөйлеп, сайқалдана қарасын көрсең. Үнемі жалаңаштау киім киіп, тәнін көрсете жарқыратып жүреді.

– Досың (Әнуарды айтады) тағы да жұмысына кеткен. Үш-төрт күннен кейін (Әнуар пойызда жолсерік болып жұмыс істейді) келетін шығар. Тіземді құшақтап жалғыз жатырмын (балалары жоқ еді). Ішім пысты. Ол болмаса неге үйге келмейсіңдер, не бір жерге апарып қыдыртпайсыңдар деп наздана тіл қатты. Алғашында не дерімді білмей қалсам да артынша:

– Онда кешке мына жерге келе қал. Жақсы кафе бар, отырып біраз сыралатайық,– дей салдым. Өйткені Гуляның сыраны жақсы ішетінін білемін. Ол:

– Жарайды, – деді қуана келісіп. Менде бөтен ой жоқ еді. Тек досымның келіншегі ғой, зеріккен болар. Біраз сыра ішіп, көңіл кетерейін деген едім. Дегенмен Гуля Әнуарға тұрмысқа шықпай тұрып, өзге жігіттермен қыдырып, кәдімгідей шайқап жүретінін талай байқағанмын. Өйткені, бір институт қабырғасында бір факультетте оқыдық дегендей.

Жұмыстан кейін келіскен кафенің алдына келіп Гуляны күттім. Ол көп күттірмеді. Сымбатты келіншек қой. Ашық-шашықтау киініпті. Осының өзі-ақ еркекті арбап, дегбірін алғандай. Әу деп сырадан бастағанмен, отырысымыз қыза келе, әр түрлі ішімдік араласа бастады. Әбден қыздық. Әр түрлі әңгіме айтылды. Тіпті эротикалық-сексуалдық әңгімелер де айтылып қалды. Әбден қызған Гуля:

– Досым құмарымды қандырмайды. Оның ойлайтыны тек жұмыс, ақша табу. Қалай байысам деп армандайды. Маған қарауды қойды. Ойы – далада. Мен байғұс онымен тар төсекте соңғы рет қашан болғанымды да ұмыттым, – деп қалды. Мен қалжыңдап:

– Жүрміз ғой, шақырмайсың ба, намек берсең төсектегі тірлігіңді өзім-ақ қатырмаймын ба, – дегенмін. Ол маған өте сайқалдана қарады:

– Байқа, жеме-жемге көлгенде отказ беріп жүрме, – деді. Ұзақ отырдық. Ол да, мен де масайдық.

– Мені үйге апарып таста, – деді ол. Сөйтсем, оның ойлағаны басқа екен ғой. Үйге кірген соң Гуля аузы ашылған бір коньякты алып шықты да:

– Ішейік. Қайда асығасың? – деді. Қызып қалған мен қарсы болмадым. Түннің бір уағы болды. Бір уақ қай сайтанның түрткені белгісіз Гуляны қолынан ұстап өзіме тарттым. Ол да осыны күтіп отыр ма, бірден құшағыма кіріп, ернімнен қадала сүйді. Ілезде екеуміз тыр жалаңаш шешініп, диванға құлай кеттік. Гуля әбден шөлдеп қалған ба, таң атқанша маза бермеді. Төсектегі қимылы сұмдық. Қараңғы түнде жарқыраған әппақ денесі қандай, шіркіннің.

Таңертең қайтарда түндегі қылығыма ұялып тұрсам, ол:

– Жиі кездесіп тұрайықшы, – деп сайқалдана тіл қатып ернімнен қадала сүйді.

Сол түннен бастап Гуля екеуміздің арамызда ашыналық қарым-қатынас орнады. Көбіне Гуля звондайды:

– Ана досың тағы кетті жұмысына. Келші, тезірек, сағындым сені, – деп. Әйелдің өзі мияулап шақырып тұрған соң еркекте не жан қалады дейсің. Алайда Әнуар досым ғой талай жылғы. Оның алдында опасыздық жасағаныма қатты ұяламын. Ертең ол сезіп қалса, өлім ғой. Гуляға бәрібір секілді. Тек оның ойы менімен төсекте кездессе болды. Не істесем екен, ә?

Аян Мырзабек