Джеки Чан Димашты өз үйінде қонақ қып күтті

Әлемге танымал актер Джеки Чан Димаш Құдайбергенді қонақ етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Джеки ағасының үйінде қонақта болған Димаш мұның дәлелі ретінде бірнеше суретті желідегі парақшасында жария етті.

Димаш бұл жолы Қытайға Джеки Чан экшн-фильмдері V халықаралық фестивалінің ашылу салтанатында өнер көрсету үшін барған. Димаштың өнеріне тәнті болған Джекидің видеосы да желілерде кеңінен тараған еді. Видеодан актердің “өкіл балам” деп атап кеткен Димашқа дән риза болып отырғанын көруге болады.

Суреттердің бірінен әншінің қолынан жылтыр ораманы көруге болады. Ал Димаш қолын кеудесіне апарып, актер ағасына алғыс білдіріп жатыр. Осыны көрген желідегілер, Димашты қонақ еткен Джеки Чан қазақы дәстүрмен оған сарқыт та беріп жатқан секілді деп топшылады.