Эстонияда Димаш Құдайбергеннің құрметіне ескерткіш белгі қойылды

Эстонияда қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне ескерткіш белші қойылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Эстониядағы елшілігіне сілтеме жасап.

Елшілік мәліметінше, кеше, 24 мамырда Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Таллин қаласындағы Кадриорг саябағында Димаш Құдайбергеннің құрметіне орнатылған ағашқа ескерткіш белгінің ашылуына қатысты.

“Бұл акцияны ұйымдастырған Dimash Estonian Dears фан-клубының мүшелері 300 жылдық тарихы бар саябақтағы сүйікті әншілерінің әнін біреу тыңдар деген үмітте екенін айтты”, – делінген елшіліктің хабарламасында.

Айта кетейік, Эстониядағы Dimash фан-клубында елдің әр түкпірінен 500-ден астам адам бар.