Этнограф елімізде белең алған ажырасуды шешудің жолын ұсынды

Нұр-Мүбарак университетінің доценті, этнограф Досымбек Қатранұлы Досымбек Қатранұлы елімізде ажырасудың көбейіп кеткенін атап өтіп, бұл мәселені шешудің жолын ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазіргі таңда жастар арасында ажырасу көп. Бұл мәселені шешу үшін қалың мал салтын жандандыру керек шығар. Себебі, үйленетін жастар жауапкершілікті сезіну керек. Қалың мал материалдық кепілдіктің бір түрі. Сондықтан мұны заң жүзінде енгізу керек. Жастар үйленгенге дейін қосылмай кетіп жатса, оған амал жоқ. Ал құдалық кезінде осы мәселені жақсылап қолға алған жөн“, – деп түйіндеді сөзін этнограф.

Досымбек Қатранұлының сөзінше, қалың мал – некенің берік болуы үшін берілетін материалдық кепілдік және оны бөліп төлейді.

Құдалар қойдың құйрықбауырын жеген соң, келісім күшіне енген. Осылайша олар қалың мал бес бөлік болса, соның бестен үшін беріп қояды“, – дейді ол.

Ал құдаласу келісімін бұзу “бата бұзу” деп аталыпты. Оған кінәлі болған жақ жауапқа тартылған.