Junior Eurovision 2019: Бүгін Ержан Максимге дауыс беретін күн

“Junior Eurovision 2019” халықаралық байқауының финалдық кезеңі 24 қарашада өтеді. Ол “Хабар” телеарнасынан сағат 21.00-де тікелей эфирден көрсетіледі. Қазақстандықтар байқаудың аяқталуына бір тәулік қалғанда, яғни қарашаның 22-сінен 23-іне қараған түнгі сағат 01.00-ден бастап Ержан үшін Junior Eurovision сайтында дауыс бере алады, деп хабарлайды /tazael.kz/

Ол үшін тізімнен Ержанмен қатар тағы екі қатысушыны таңдап, “Дауысты қабылдау”/ “Дауыс беру” түймешесін басу қажет. Екі рет дауыс беруге болады.

Дауыс беру 24 қараша күні сағат 21.00-де шоу басталмай тұрып уақытша жабылады. Ал одан кейін қайтадан 15 минутқа ашылып, тағы бір мәрте дауыс беру мүмкіндігі болады.

Жеребеге сәйкес, қазақстандық өрен сахнаға 10-ыншы болып шығады.

Айта кетсек, халықаралық байқауда Ержан Максим Қазақстан ғана емес, бүкіл түркі әлемі атынан қатысып, “Арманыңнан қалма” әнін орындайды.10 қазанда ол Алматыда өткен баспасөз мәслихатында байқауға арналған бұл әнінің бейнебаянын таныстырған болатын.