Кешір мені, ұлым…

Ауру  баламды  қарап  отырып,  ішім пысқанда әлеуеметтік желілерді  ақтаратыным  бар. ӨткендеДина Елгезек деген  құрбымның Фейсбуктағы ауру  бала жайында  жазғанын  оқып ағыл-тегіл жыладым. Өз-өзімді  қарғадым. Өйткені  жазбада дәл менің   ұлымының тағдыры  тұр еді. Өз басымдағы  оқиғаны айтпас  бұрын, Фейсбуктағы  жазбаны келтіре кеткенім  дұрыс  болар. «Балам науқас болып туылды. Мемлекеттен мүгедектігіне байланысты арнайы жәрдемақы алып тұрдым. Бір күні бір танысым: «құжат жинайтын мекемеге пара берсең, 3-ші топтағы мүгедек балаңа 1-ші топтағы мүгедек деп жазып береді, үкіметтен ақшаны көбірек аласың»,- деді. Несіне жасырайын, келісе кеттім. Сөйтіп, балам ер жеткенше жыл сайын мекеме қызметкеріне парамды беру үрдіске айналды, 3-ші топтағы мүгедек баламды 1-ші топ етіп жаздырып, ақшамды алып жүрдім. 17-ге толған кезде ұлым кенеттен қатты ауырып қалды. Апармаған жерім жоқ. Медициналық тексерістерге миллиондаған қаржым кетті. Ем қонбады. «Неге бұлай болды» деп жылап жүріп бір күні амалсыз атақты тәуіпке апардым. Сонда әлгі емші әже балама ұзақ қарап отырып: «Ойпырмай, қарағым. Несіне жылайсың? Ауруды өзің сатып алыпсың ғой»,-деді. Мен селк ете қалып: «ауруды өз баласына сатып алатын ана бола ма, не айтып кеттіңіз» дегенімде: «3-ші топтағы мүгедек баланы 1-ші топ етіп жазғызып, ауруды сатып алғансың, алған арам ақшаны өтейтін кезің келді. Өзіңді алдағаныңмен, Құдайды алдай алмайсың» деп қуып шықты. Қазір қателігімді түсінгенмен не шара. Балам шын мәнінде 1-ші топтағы нағыз мүгедек болып қалды. Қазір ешкімге пара бермей-ақ 1-ші топтық мүгедектігіне байланысты төленетін ақшаны карточкадан алған сайын, ішім өртенеді»,- деп зар жылады өте жақын танысым  деп  жазыпты Дина  құрбым. Менің басымнан да  дәл осы тақылтес  жағдай  бар. Ұлым  сау  боп  туылды.  Тұла  бойы  тұңғышым  ғой.Біз  қандай  бақытты едік,  сол кезде.  Арада ай өтпей  түнде  ұйқысырап  отырып еміз, қолымнан түсіріп алдым. Соның   әсері  болды  ма,  баламның тілі  шығуы кешікті. Өзімен  жастылар  сайрап кетті. Ана болған соң бір  түрлі  болады екенсің.  Балам кекештеніп бір сөзді дұрыс айта алмай қиналатын. Сүйтіп  жүргенде  құрбы келіншектер: «ұлыңа  мүгедектік  алып ал. Тәп-тәуір ақша аласың. Ем –домына  керек болады» десті. Басында «сау  баламды қалай мүгедек  деп жаздырамын»  деп жаман  болдым. Бірақ келіншектер: «арланатын несі бар. Ақшаның артығы  болмайды» десті. Содан  құжат жинап, комиссиядан өттік. Расында, тәп-тәуір  жәрдемақы ала бастадық.  Бірақ  көп ұзамай ұлымның тілі  түзеліп,  мүдірмей сөйлей  бастады.  Әкесі: «баланы мүгедектіктен шығар. Ақшасы  құрысын. Обалына  қаламыз»  деп талай  ескертті. Бірақ  50 мыңның көлемінде жәрдемақы  алушы едік. Соны  қимадым. «Кейін есейе келе мүгедектіктен шығарып алармын. Мемлекеттің тегін  ақшасы  ғой. Қажетімізге  жарата берейік»  деп  жүре  бергенмін.  Бір күні күйуім ішіп келіп, үйде болымсыз нәрсеге жанжал  болды. Қолындағы шай  толы  кесені  маған жіберіп  қалған. Еңкейе  қалып  едім, қабырғаға соғылып  талқан болды.   Жанымда  ұлымда  тамақтанып отырған. Кесенің қабырғаға  соғылып  талқан болғанын көрген балам, қорыққананын шыңғырып  жіберген еді. Артынан  көгеріп-сазарып  үнсіз  қалды. Содан  бері балам тілсіз  қалды. Қаншама дәрігердің алдына бардық.  Қайыр  болмады. Балгер-тәуіптерге  бардық. «Бала қорыққаннан  тілі байланып қалған. Жағдайы  қиын» десті олар. Осылайша  сау  баладан  мүгедек жасап,  ақша  аламыз  деп  жүріп, шын  мүгедек балаға айналдырдық. Кімді кінәларымызды  білмейміз. Қолдан келер  не  шара. Мылқау  боп  қалған баламыздың  бетіне қарап күн көріп жатырмыз. Қиналамыз,  жылаймыз. Қолдан басқа не келеді..».  Осы әңгімені айтқан  әйелді   және оның баласын көлігіме  мінгізіп, қаланың  сырт  жағындағы  бір  тәуіпке жеткізіп тастағанмын.  Басынан  өткен  жайды жылап отырып   әлгі әйел  маған  айтқан еді. «Баланы емдетемін деп бармаған жеріміз  жоқ.Қаншама  қаржы кетті. Оны қойшы. Ең  бастысы ұлымыздың  тілі  шықса екен. Міне,  тағы бір  тәуіпке   келе жатырмыз. Ұлымның  тілі түбі шығады  деп  үміттенемін»  деп еді әлгі келіншек  көліктен  түсіп  жатып.

Аян Мырзабек