Мәдина Сәдуақасова Мейрамбек Бесбаевқа ғашық болғанын мойындады

Мәдина Сәдуақасова студент кезінде Мейрамбек Бесбаевқа ғашық болғанын ашып айтты деп жазады “НТК” арнасының“Ревю” бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өзінің өнер жолындағы 20 жылдың өмірін бейнебаянына арқау еткен әнші елден жасырған құпиясымен бөліскен.

Әншінің студент кезде түн ұйқысын ұрлаған жігіт – Мейрамбек Бесбаев болып шықты.

“Мәдина Сәдуақасова мысалы өзгерді. Мүлдем басқа адам. Жас студент кезде ғашық болған адамы, мына өмірде, қазіргі оның досы, әріптесі және де ешқандай сезім қалмаған“, – деді әншінің өзі.

Сондай-ақ әнші қазіргі арманы қызды болу екенін де жасырмады.

“Мен армандасам, ол орындалады. Сондықтан менің армандарымның 98 пайызы орындалды дәл қазір. Орындалмаған екіақ пайыз қалды . Ендігі арманымқызды болу“, – дейді Мәдина Сәдуақасова.