Марста тіршілік бар ма – The New York Times

«НАСА Марстың көп мөлшерде газ бөлетінін анықтады. Бұл жаңалық Марста өмір сүретін микробтар барының белгісі болуы мүмкін. «Кьюриосити» (Марстағы зерттеу аппараты) енді қосымша зерттеу жүргізіп көрмек», – деп хабарлайды The New York Times басылымы.

«Жақында НАСА-ның «Кьюриосити» Марс аппараты көп мөлшердегі метан газының бөлінісін анықтады. Жер шарында метан газы тірі ағзалардан бөлінетіндіктен, ғалымдар бұл жаңалықты іліп алып, кеңінен талқылап кетті», – деп жазады автор. Оның айтуынша, демалыс күндері ғалымдар қосымша зерттеу жасауды жоспарлап отыр. Марс аппараты енді қосымша мәліметтер жинастыруда.

«Адамдарды Марста өмір бары ұзақ уақыт шабыттандырып келеді. 1970 жылы «Викинг» аппараты планетада шөл дала ландшафтының суретін түсірген болатын. Жиырма жылдан астам уақыт өткен соң планетологтар төрт млн жыл бұрын Марстың жылы және ылғалды болғанын анықтады. Енді ғалымдар бұрын Марста тіршілік бар болған болса, онда содан қалған микроағзалар сол жерде сақталып қалуы мүмкін деп болжап отыр», – делінген мақалада.

Басылымның жазуынша, метанның бөлінуі ғалымдарға үлкен көрсеткіш болып отыр. Ғалымдар анықтаған метан ағзалардан жақында бөлінген болуы керектігін айтты.  «НАСА агенттігі Марстан метанның табылғанын растады және оны «алдын ала мәліметтер» деп атады.

НАСА өкілі ғылыми дәлдік болуы үшін жоба ғалымдары мәліметтерді сараптауды жалғастыратынын айтты. Бұғн дейін он бес жыл бұрын Марста метанның табылғаны айтылған еді. Дегенмен, Еуропа ғарыш агенттігінің «МАрс-Экспресс» аппараты алған мәліметтер қателік деген болжам жасалған болатын. 2012 жылы да Curiosity аппараты Марстан метан таба алмады. Ал 2013 жылы Марста метан көлемінің арта бастағаны анықталды», – деп жазады автор.

 

inform.kz