Мен опасыз әйелмін

Кішкене кезімде шешем сәл нәрсеге бола «тауықтың миындай ми жоқ, қаншық» деп ұрсушы еді. Қазір сол шешемнің айтқаны дәл келгендей. Расында дәл қазір тауықтың миындай мисыз әрі қаншық болып қалған секілдімін. Түсінікті болу үшін бәрін рет-ретімен айтайыншы.

Мектепті бітірген соң, армандаған Жоғарғы оқу орнына түсе алмадым. Сосын осы Шымқалада комерция мен айналысатын бір алыс жама ағйымыздың дүкеніне сатушы болып тұрдым. Сүйтіп өмір өтіп жатқан. Бірде жиі келіп сауда жасайтын жасы бір үлкен ағаймен жақсы таныс болып алдым. Жасы отыз беске таяп қалған. Жалғыз басты. Үй-жайы бәрі бар. Әйелі бала туалмай қайтыс болған екен. Кейде дүкен жабылатын кезде келіп, оны-мұны саудалап, әңгіме айтып тұрып алатын. Жасы үлкен кісі. Өте ақылды. Неге екен сол кісі бір күн дүкенге соқпаса іздеп тұратын жағдайда болдым. Ол аға да «сен келіп бір көрмесем ұйықтай алмайтын халге жеттім» деп қалжыңдап қоятын. Бірде «үйге бірер қонақ келуші еді. Қолың тисе қарындасым соларға бір дастархан жасап берсеңші. Еркек басым мен тамақ пісіріп, шай қойып жүгіріп жүру ыңғайсыз болып тұр» деп өтінген. Жанымдағы қызға дүкенді тапсырып, кешкілік Серік ағаның үйіне бардым. Үш бөлмелі, жақсы жабдықталған екен. Бәрі бар. Қотты өмір сүретіні көрініп тұр. Дастарханға керек дүниенің бәрін әкеліп қойыпты. Айтылған қонақтары келді. Кезінде бірге оқыған жігіт екен. Жанында ерткен қызы бар. Осы қалға іс сапармен келіпті. Серік ағаға соғып, сәлем беріп кетпек екен. Жақсы отырдық. Түн ортасында қонақтар кетіп қалды. Олар кеткен соң, үстелді тазалап, ыдыс-аяқты жуып біткенше түннің біраз уақыты болды. «Мен қайтайын, дүкендегі қыз қорқып қалар» (түнде дүкенге қона салатынбыз)- деп едім. «Ол қыз есікті іштен бекетіп ұйықтап қалды ғой. Мазала ма. Қона сал. Қорықпа. Мен тыныш адаммын» деген сөзін айтқан соң сонда қонып қалдым. Серік аға төсек салынған соң қипақтап жанымнан кетпей біраз әңгіме айтып отырды. Онысын әлгінде ішкен шараптың буы шығар деп ойлағанмын. Бірақ өте тәртіпті екен. «Аға ұйықтаймын. Ертең жұмыс. Дүкенді ерте ашуымыз керек» деп едім. «Жарайды қызым жата ғой» өз бөлмесіне кетті. Содан бастап Серік аға екеуміздің арамызда бұрынғыдан да жақын қарым-қатынас орнады. Жасы меннен он бес үлкен. Жанымдағы қыз «Осы аға саған ғашық болып қалған-ау деймін. Жаныңнан шықпайды. Жақсы парасаты, білімді адам. Сондай сыпайы. Әттең сенен жасы үлкен. Маған лайықтау көрінеді. Маған айналдырып берсеңші, тиіп алайын» деп бірнеше рет айтты. Бұл менің қызғанышымды оятты. Жанымда дүкенде бірге сатушы болып істейтін қыз байдан шыққан, отызға таяп қалған әккі. Серік бірдеңе десе үйне кіргелі тұр. Алайда ол кісі оған емес, маған көп көңіл бөледі. Тағы бірде жұмыстан соң үйіне шақырды. Түннің бір уағына дейін әңгіме айтып отырды. Ең соңында мені ұнататынын, бірақ жас айырмашылығымыз бар екен айтып, мұңайып отырып қалды. Біруақытта мені құшақтап өзіне тарты. Қарсыласа алмадым. Сол үйге қонып қалдым. Бірақ төсекте жатқанда шынымды айттым. Өйткені мен пәктігімнен мектепте жүргенде айырылып қалып едім. Он

бірінші сыныпта жүргенде әскерден келген бір жігітпен жүріп едім. Сол жігіт боларда болмай бір күні қыздығымды алып тастаған. Ақыры соңы ол жігіт мені тастап, басқа біреуге үйленіп кеткен. Соны айттым. Серік аға бәрін түсінді. «Әр адамның өткен өмірі бар ғой. Өткенді қазбалай берсек, өмір сүру қиындап кетеді.Біз жаңа өмір бастауымыз керек» деген. Араға жарты жыл салмай үйлендік. Шешем «мыйсыз қызым-ау, өзіңмен жасты біреу табылмады ма, шалға тигенің не?» деп қатты ренжіді. Тек әкем «мәселе жаста емес, бақытты болсаңдар болды» деп ақ батасын берген еді. Содан бері үш-төрт жыл өте шықты. Қазір екі баламыз бар. Жаман емес. Берекелі отбасымыз. Бірақ сол берекені бұзатындай мына бір жағдай болды. Баяғда менімен жүріп, қыздығымды алып лақтырып кеткен жігіт былайша айтқанда алғашқы махаббатым мені Шымқалада іздеп тауып алды. «Саған әлі ғашықпын. Қосылғым келеді» деп өлердегі сөзін айтады. «Өткен дүние өтті кеті. Қайтып қоздатудың қажеті жоқ» десем, бой бермейді. «Әйелімнің мінезі жаман. Ажырасқалы жатырмын.Сенде күйеуіңнен кет. Бірге бақтыты өмір сүйрейік» деп небір тәтті сөздерді айтып жанымды ертіп жебереді. Бірде көліктің артында күштеп шешіндіріп зорлап тастады. Қарсыласа алмадым. Өйткені алғаш рет етегімді көтергенде осы жігіт қой. Беріліп қалдым. Содан кейін бе ол менімен көлікте болуды жиілетті. «Үшінші балаңды менен көрші» деп үздігеді. Үйде күйеуімнің бетіне қарай алмайтын халге жеттім. Кейде «менікі опасыздық» деп өз-өзімнен жиіркенемін. Серік болса ештеңе сезер емес. Өз-өзіме уәде беріп алғашқы махаббатым келгенде шықпаймын деп қанша тырыссамда, ол звондаған кезде үйден қалай сылтау айтып шығып кеткенімді білмей қаламын. Расында шешем «қаншық» деп ұрысқанындай бар. Қазір екі адамды да алдап, екеуіменде жатып опасыздық жасап жүрмін. Егер күйеуім Серік осы тірлігімді білсе, бірден үйден қуып ажырасып кетері анық. Онымен қоймай ол кісінің маған деген ақ адал сезіміне қылау түсіретінім анық. Ал мына алғашқы махаббатым болған жігіт мені тек пайдаланып жүрген сияқты көрінеді де тұрады. Әйелімен ренішкен кезде, маған келіп, көліктің ішінде құмарын қандырып кетеді. Ал «үйленейік, бақытты боламыз» дегені алдамшы сөз секілді. Бұл күйеуімді тастап, ертең оның етегінен ұстайтын болсам, «өзге еркекпен пәленбай жыл тұрдың. Бір емес екі абалң бар» деп бетіме басып, төбелесіп отыратынымыз белгілі. Бірақ неге екен, ол келген кезде жүгіріп кетемін. Осылайша екі оттың ортасында қалдым. Шешем айтқандай мисызбын ба, білмеймін. Қазіргі күйеуіммен қаламын ба, әлде мына алғашқы махаббатыммен қол ұстасып кетемін бе, соған миым жетпей жүр. Сіздер не айтасыздар? Кеңес беріңіздерші.

Лағыл А.