Наташа Королева Бүркітпен кездесуінен кейін тыр жалаңаш шешінді

 

Ресейлік әнші Наташа Королева қазір Алматыда. Бүркітпен бірге бейнебаян түсіру үшін ол осында қонаққа келген. Алайда әртістер жұмысын аяқтағаннан кейін 90-шы жылдардың жұлдызы көпшілікті суретімен таңғалдырды.

Танымал әнші әлеуметтік желіге тыржалаңаш түскен суретін салды.

«Бүгін таңертең Светаның @lobodaofficial посты маған шабыт сыйлады! Өзімнің 46-дағы «шырын» шағымда шамданып, бұрын циркте өнер көрсеткенім есіме түсіп кетті! Қыздар, ұрыспаңдар! @lobodaofficialпен@nude_yogagirl Сендер — тамашасыңдар, әлем де тамаша! Таңғалдырудан жалықпаңдар, шығармашыл болыңдар, алға ұмтылыңдар!

p.s. Мен пікір білдіру функциясын өшіремін. Менің сұлулығыма тамсанып, оны іштеріңде сақтаңдар! Мен ғажап екенімді білемін!» — деп жазды әнші.