Негрмен төсектес болғаныма өкінемін

… Араға жиырма бес жыл  салып  барып, шаңырағым ойраны шығады  деп  ойламап едім.  Бірақ   не  шара,  мүмкін емес,  дүниенің өзі  мүмкін  екен.Өкінем. Қатты  өкінем. Ойнақтап  жүріп  от  басқанымды. Қазақ емес  қайдағы  бір  қаңғып  келген негрлермен  төсектес  болғаныма. Басынан бастайын.  Оқиғи  былай  болған  еді.  Ауылдан к еліп Жоғарғы оқу  орнына  түстім.  Бір бөлмеде жоғары курста оқитын екі қызбен бірге тұрдым. Обалы не керек, өте ажарлы сымбатты қыздар еді. Жігітгер жиі келетін. «Тфу, өңкей жалаңаяқтар, тек тамақ, шай ішуге келеді» деп өздеріне келген жігіттерді менсіне бермейтін. Сол жылдары ҚазМУ-де шетелдіктер көп оқыды ғой. Негрі де, арабы да, ауғаны да дегендей. Екі қызды солар қонаққа жиі шақыратын. Шетелдіктер десе, екеуі ұшып кетеді. Көбіне соларға қонаққа барса, келмей қонып қалады. Олардың бұл тірліктеріне алғашында үрке қарап жүрдім. Жүре келе мені де ертетін болды. Барғым келмейтін. Ақыры, көндірді ғой. Содан бір күні бір шетелдіктің туған күніне бардық. Көңілді отырдық. Ішпеймін дегеніме қарамай, бірер рюмка шампан мен шарапты араластырып жұтқызып жіберді. Шала маспын. Билеп жүрміз. Шетелдіктер бізге қарағанда сауықшыл ғой. Біресе анасы, біресе мынасы келіп биге сүйрейді. Әбден масайдым. Бір есімді жиғанда сау кезінде «ухажер» болып жанымда отырған негрдің қойнында тыр жалаңаш жатырмын. Ауырын-ай иттің. Алып денесімен астына салып умаждап жатыр. Бөлмеде жалғыз мен емес, тағы да екі-үш қыз мына негрдің достарының астында ыңырсып жатқанын байқадым. Олар таң атқанша бөлмедегі қыздарды кезек-кезск ауыстырып, дөрекі тілмен айтсам, итеріп шықты. Жел көтермеген етегімді сөйтіп негр көтерді. Ертеңінде өлейін деп ойладым. Бірақ жан тәтті екен… жанымдағы қыздар: «Кіммен қыдырсаң да, кіммен жатсаң да өз еркің өзіңде. Елдің шаруасы қанша. Қайта шетелдіктермен жүрсең, ұшан-теңіз пайда» деп басу айтысты. Олардың айтқанынан асып кете алмадым. Расында сол кеңес заманында әйелдер боянатын бояулар, түрлі киім-кешектер дефицит еді ғой. Сол шетелдіктермен араласқанның арқасында олар бәрін тауып беріп жататын. Ақыры екі қыздың айтқанымен жүрдім. Қысқасы, солармен бірге ылықтым. Темекі тартып, арақ ішуді үйрендім. Шетелдіктермен қыдыру, солармен бірге қонып қалу әдетке айналды. Сөйтіп жүргенде оқудан шығарып жіберді. Ауылға  қайтып  баруға арланып, жұмысқа тұрдым. Әйтеуір  дұрыс  дос  қыздар кездесіп, солардың арқасында адам  болдым. Тұрмысқа  шықтым.  Өмір   сүйтіп  өтіп жатты. Тұңғыш  ұлым 25 келді. Қызым  22 де. Өткеннің бәрі  ұмтылған. Тәп-тәуір, тату  отбасы едік.  Бірде күйеуім: -Басымыз  әлі  жас. Ұл ертең үйленеді. Қызымыздың да  тұрмысқа шығар  уақыты  тақап  қалды.  Ертең  үйде сопайып екеуміз  қаламыз. Әлі де  бала тууға мүмкіндігің  бар  ғой. Талпынып көрсек  қалай  болады  дегені.  Не  дейін. Қарсылық  білдірмедім. Жасы елуге  келіпте  балалы  болып  жатқандар  бар  ғой. Оларға  қарағанда  әлі жаспын. Бала көтердім. Тоғыз ай  өтіп  босанғанда  бар сұмдық басталды  ғой. Акушерлердің өздері шошып  қалды. Бір уыс  қап-қара  бір  пәле. Шыңғырып жібердім. Босанғаным қап-қара  негр бала еді. Отбасым  меннен  теріс айналды. Перезентханадан  шыққан  бойда  қаңғып  қалдым. Күйеуім: «көзіме шөп салып негр мен  жаттың»  деп кіналаса, ұлым мен қызым: «бұзылған   шеше  бізге  керек емес» десті. «Бұл  қалай  болды?»  деп дәрігерлермен кеңестім. Бар шындықты айттым. Студент  жылдары  негрлермен  төссектес  болғанымды жасырмадым.  Психолог дәрігер   өте байыпты адам екен. Айқандарымды  тыңдап  болған  соң, «Жастарың  елуге таяп  қалған  адамсыңдар. Күйеуіңніңде бел  қуаты қайтқан. Ұрығы әлсіреген. Ал  сенің жатырыңда   баяғы қуатты  негрлердің  ұрығы    сақталып қалған. Бұл  соның әсері» деп түсіндіріп  берді. Сүйтсек мұндай  жағдай ілеуде  бір   кездесіп  тұрады екен. Күйеуіммен  балаларыма  осы  жайды  айтып  түсіндіруге тырысқаныммен    олар көнбеді. «Бүгін  жатпағанмен  бұрын  жатқансың. Көргіміз келмейді» десті  олар.  Тіпті күйеуім; «сен көрінген шетелдікпен  төсектес  болғаныңды  өмір  бойы жасырып  келдің. Мені алдадың. Бұзылған  қаншық»  деп  жұдырық ала жүгірді. Оныкі дұрыс еді. Қайта ашу  үстінде  өлтіріп тастамағанына   тәубе. Сүйтіп  жасымыз біразға  келгенде  бала  тууамын деп басым  пәлеге  қалды. Шаңырағым  ойран  болды. Жас кезімде ойнақтап  жүріп  от  басқаным алдымнан шықты. Мен үшін  үлкен  қасірет  осы».  Бұл жолай  кездесіп көлігіме  мінген келіншектің   жылап  отырып айтқан әңгімесі еді. Бәлкім жас  қыздардың сақтанып жүруіне  сабақ  болар  деп   осыны  қағазға  түсіріп    жолдап  отырмын. Ойнақтап  жүріп,  от басып,  арандап  қалмаңдар  бойжеткендер!

 

Аян  Мырзабек