Нью-Йорктегі Barclays Arena жұлдыздар галереясына Димаштың суреті ілінді

Кеше Нью-Йорктегі Barclays Arena стадионындағы жұлдыздар галереясында Димаш Құдайбергеннің суреті пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсанында осы стадионда қазақстандық өнер иесінің «Arnau Tour» атты концерті аншлагпен өткен болатын. «Енді міне, Barclays Arena жұлдыздар галереясында аталмыш аренада концерт берген Beyonce, Elton John, Justin Timberlake, Rihanna секілді көптеген әлемдік таланттармен бірге Димаш Құдайбергеннің де суреті пайда болды» делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бүгінде Димаш Еуропа қалаларын аралап жүр. Таяуда Ресейдің Краснодар және Қазан қалаларында қазақстандық әншінің «Арнау» бағдарламасы аясындағы концерті өтті.

Б