Өсіп кеткен: Қайрат Нұртастың биылғы гонорары белгілі болды

Қазақстандық хитмен Қайрат Нұртастың 2019 жылғы гонорары қанша екені анықталды. Бұл жайында әншінің көмекшісі айтып берді деп жазады “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өткен жылғы мәліметтерге сүйенсек, әнші биылға дейін 7 мың долларға тойда ән айтқан. Ал биылғы жылы гограры 9 мың долларға жетіпті.

Бағдарлама жүргізушісі Қайрат Нұртастың көмекшісінен жазда өз тойына шақыру үшін қанша ақша талап ететінін сұраған.

Әзірге ол күн бос. 9 мың доллар. Сондай-ақ, қонақ үй мен ұшақ билеттерін де аласыздар. Ұшаққа бір эконом және бір бизнес билет аласыздар. Сіздерге чек беру үшін, ДКдің 3% пайызды да сіздер төлейсіздер“, – дейді әншінің Саида есімді көмекшісі.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын хитменнің жаңа жылдық кештегі өнер көрсеткені үшін қанша алатыны анықталған болатын.