Отандық комедияларға бармауға шақырамын…

“Наверное нужно прекращать смотреть отечественные фильмы 🎥 ….” деп жазды Мурат Абенов ағам өткенде. Біраздан ойымнан кетпей жүрген пікірге қамшы болды. Мен де шын патриот ретінде Отандық комедияларға бармауға шақырамын. Иә, бармауға. Неге ?

Неге деместен бұрын, “Нең бар , қазақтың баласы ғой. Түсіре берсін. Өзгені сынағанша өздерің солай іс бітіріп алыңдар алдымен” дейтіндерге айтарым: Шымкент жақтағы Төрткөл деген ауылда бір ағай бар. Еңбек пәнінің мұғалімі. Ескі-құсы моторларды жинап , қаңқасын аннан-мұннан алып, ұшақ құрастырып шыққан. Әуеде сынап көргісі келіп жүр. Соған отырып ұшыңыздар. Қазақтың баласы, Отандық өнім ғой. Аман-есен қонсаңыз, кино туралы сөйлесеміз. Мен оған дейін басқаларға Қазақстан комедияларын көрмеудің көзге көрінетін бірнеше себебін тізейін.

  1. Сіз, біріншіден, қазақстандық фильмдерге рецензиясын оқымай, трейлерін көрмей “Отандық өнімді қолдау керек ” деген өзіңізге өзге біреу таңып берген соқыр оймен барасыз. Кемі 1000 теңге жоғалтасыз. Уақыт жоғалтасыз. Жүйке жұқартасыз. Апарған адамыңыздан ұяласыз.
  2. Тиындап жиналған ақшаға дәніккен продюсер тағы бір комедия түсіреді. Кассалық сбордан қанаттанып, келесісін сапалырақ жасайды дейсіз бе ? Жоқ. Талғамы тізеден төмендерге осылай өтеді екен дейді де тағы бір 1,5 сағаттық мағынасыз кадрлар жиынтығын ұсынады. “Брат или Брак” -тың екіншісі біріншісінен нашар. “В поисках мамы”- дың екіншісі әуесқой ролик. “Бизнес по Казахски” -дың кейінгі бөлімдері жасалған саяхаттарлың күнделігі ғана. ” Келинка Сабинка”, “Құдалықтарды” былай қойғанда “Рэкетирдің” жалғасының өзі алғашқысын басып оза алмады ғой… Ортанқолдар Сатаевтан асам деп айға ұмтылмайтын шығар?!
    3. Актерлік құрамнан ешқандай өзгеріс көрмейсіз. Біздің Үкімет сияқты орындарын ауыстырып қайта шығара береді. Тәуекелден жалықпадыңыз ба? Асель Садвакасоваға әлі ғашықсыз ба? Абунасыр Серіковтың бұдан үздік ойнауы, әлі шырқар биігі бар деп есептейсіз бе? Қоянбаев екінші пландағы рөлде көрем дейсіз бе? Күтпеңіз. Дәурен Серғазиннан күтіңіз, бірақ кәсіби режиссердің тұрмыстық комедиядан емес.
  3. Тоқал, құдалық, ауылбайдан городскойға дейін, Дубайдағы приключение, Америкадағы адасу… Бұл тақырыптар да әзірге алыс кете қоймайды-ау..

Шетел киноларына таңдап, талғап барып жүрсіз ғой. Отандық туындыларға да сондай қатынас керек. Сосын, қазақша субтитрларды қазақша білмейтін адамдар жазып жүрген сияқты. “Ұжданы азаптаған”, “танылмаған өлік” деген тіркестер оқыдым.

Абай Сейфуллаұлының   әлеуметтік желідегі  парақшасынан