Отбасылық бизнес: Төреғали Төреәлі жаңа кәсіп бастады

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі отбасылық бизнес бастамақ. Әнші шоу-бизнес жұлдызы Димаш Құдайберген, Айдар Тұрғанбек сияқты жеке шайын шығармақ. Бұл туралы НТК телеарнасындағы Ревю бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Төреғали шайдың жарнамасын түсіріп қойғанын алға тартты. Оның сөзінше, бұл отбасылық бизнес болып табылады.

Тіпті, әншінің анасы шайдың түрлі сұрыптарының дәмін көріп, өзі таңдаған көрінеді.

“Анамның өзінің таңдауымен, былайша айтқанда өзіміздің таңдауымызбен“, – деді өнер иесі.

Сонымен қатар, әнші бизнеске барын салып, сатылымын да қадағалайтынын жеткізді.

“Сәттілік берсе құдай, бәрі күшті болады. Алладан сәттілік тілейміз. Береке тілейміз, әумин!”, – деді ол.

Еске сала кетсек, отандық әншілер арасында бұған дейін Айдар Тұрғанбек, Димаш Құдайберген шай шығарған болатын.