Өзбектер “Браво” десті. Димаштың Ташкентте шырқаған әні

 

Ташкентте қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің қатысуымен Өзбекстандағы Қазақстан жылына арналған концерт өтті.

Концертті “O’zbekiston 24 арнасы көрсеткен болатын.

Димаш Құдайберген Star Mania рок-операсынан алынған SOS d’un terrien en detresse әнін орындап берді.

Сахнада сондай-ақ Әлібек Дінішев, Айман Мұсақожаева, Майра Мұхамедқызы, Медет Чотабаев, Нұрлан Бекмұхамбетов және Мария Мудряк өнер көрсетті.

Димаш концертте ең соңғы болып сахнаға шығып, концертті аяқтады. Ташкент көрермендері аямай қол соқты.

 zakon.kz