Қазақ қыздары неге арзан?

Жақында болған   мына  бір  оқиғаны    сіздермен бөліскенді  жөн  көріп  отырмын.  Өткен  сенбі де   көптен көріспеген  бірнеше  жігіт  кафеде  отырған едік.  Бір  уақытта  шу  шықты. Не болды  екен  деп  көз  салсақ,   екі  қазақтың  жігіті   ұлты  бөтен   біреулерді   жұдырықтап  жүр. Әлгі  бөтендерді  қорғап  қазақтың    екі  сылқым  сұлуы  шыр-шыр  етеді.  Жұрт  дүрлігіп  қалды. Әлгі  өзге  ұлттың   екі  жігітін  соқылап  жүрген  қазақ  жігіттің  бірі  әлгілерді  қорғап  әуре  болған екі  қазақ  қызының  бірін   боқтап  шапалаққа  бір  тартты.   Күзетшілер  бар,  өзге  азаматтар  бар  жабылып  жүріп    төбелесті  тоқтаттық.  Бір  түсінгеніміз  екі  қазақтың  қызы   екі  түрікпен  келіп  кафеге  отырған екен.  Соны  қызғанды  ма,   қазақтың  жігіттері  тап  беріпті. Әлгі  жап-жас  қыздардың  жанындағылар   жас жігіт  деуге келмейтіндер. Жастары   шамамамен   елудің  үсіне  шыққандар. Бірақ  әлгі  қазақ  қыздары  соларды  қорғап тыраштанып  жүр. Бір  түрлі  жағдай екен. Әйтеуір кіжініп,  боқтап  тап-тап  берген  қазақ  жігіттерінен  қорықты  ма,  екі  түрік  сол  жерден  қашып  құтылды.  Артынан екі  қызда  жоқ  болды. Шамасы  екі  түріктің  артынан кеткен   сияқты. Біраздан  соң   әлгі  екі  жігітке  жақындау  барып, «Бауырларым  не   болды?»  деп  едім,  «Аға қарындастарымыз  қанымызды  ішіп  бітті. Қай  жерге  барсаңда  көрінген  шет елдіктің  құшағынада  отырған  қазақ қыздарын  көреміз. Анау-мынау  емес,   сұлу,  сымбатты  қыздарымыз. Ал  сол  қыздар шетелдіктермен  қыдырып,  жатып,  ойнап –күліп  болған  соң  қазақтың  жігіттеріне  түк  болмағандай  байға  шығады. Бұған намысыңыз  келмей  ме? Ал  шет елдіктерге  не  керек,  қазақтың  қыздарын көрінген  жерде  домалатып,  ойындағысын  істейді.  Тіпті қыздар  өздері  жабысқан  соң,  әлгі  шете елдіктер  тіпті  есіріп  алды. Қазақтың  жігіттерін адам  деп  санамай,  қыздарымызға  біздің  көзіміз ше   ойындағысын  істейді.  Қазақтың  жігіттеріне  де  намыс  жоқ,  рух  жоқ. Көріп  тұрсада  үндемейді. Көбі  тақсист,  қара  жұмыста, базарда  арба сүйрейді,  күзетші. Ондай  жұмыс  істеген   жігіттер  кафе,  мейрамханаларға  келеме  ме,  жоқ. Кешке  Алматының   демалатын  орындарының  бәрінде  шет  елдіктер  толып  жүреді. Қайыршы  қазақ  жігіттерінен  толк  болмаған соң  қыздарымыз  амалсыз  шет елдіктермен танысып,  жабысып  солармен  қыдырғанды,  көңіл көтергенді  жөн  санайды. Ал  мұны  біліп алған  шет елдіктер «  қазақ  қыдары  арзан,  намыссыз.  Не  істе  десең  соны  істейді»  деген  әңгімені  жиі  айтады. Бұл  намысыңа  келмей  ме?  Келеді. Жаңағыны  қараңыз, түр  десе  түрі   бар,  дене  десе  денесі бар  жап-жас  қазақ  қыздары  ана   екі  түріктің    шалымен  сүйісіп  отыр. Неге  намыстанбаймын.  Амалсыз  ұруға  тура келді. Әлгі  түріктер  ақша  береді  деді  ме,  екен,  сол екі  қыз   соларды қорғап  жүр. Жындаанбай  көр енді.   Мен  өзім КазГУ бітіргенмін. Онда  да Ауғанстаннан  қаңғып келгендер  оқып  жүр. Ол  жерде  де қазақтың  қыздары  соларға  жабысып  әлек. Ол жерде  де намысты қолдан бермейін  деп қыздар  үшін ауған  жігіттерімен  төбелестім. Олар  қорыққанынан  мені  көрсе  әудем  жерден айналып  өтетін жағдайға жеткіздім. Қай  жерде  болмасын қазақтың  намысын жер еткендерді аямаймын. Әсіресе  қазақтың  жігітін  менсінбей  шет елдіктермен қыдыратындарды»  деп екі  жігіттің  бірі екілене  сөйлейді.  Оны  жанындағы жігітте  қоштап  қояды. «Басқа  қаланы  білмейміз дәп  Алматыда  қазақтың  қыздары  көрінген  шет елдіктің   трәпкесіне  айналдып  барады. Біз оған  жол  бергіміз  келмейді»  дейді  ол.  «Жарайсыңдар. Сендер секілді  намысты  жігіттер   тәрбиесіз  қыздарды,  есірген  шет елдіктерді  тәубесіне келтіріп  отырған  жөн»  деп  риза  болып  қалдым.  «Аға,  бір екі  адам аздық  етеді.  Кез-келген  қазақтың  жігітті  намысты  болуы  керек.  Сонда  ғана  шете елдіктер елімізде аяғын  алшаң баспай, абайлап басады. Қыздарымызда   байқап  жүретін  болады»  десті  олар.  Олардың тірліге   риза  болып  орныма  отырып  жатыр едім, жанымдағы  дос жігіттердің  бірі  «қазір  Жиырма бірінші  ғасыр емес  пе,  кім  қалай  өзін  ұстайды, кіммен  қыдырғысы келеді еркі  өзінде  болуы  керек. Әлгі  қыздарға  түріктің шалдары  ұнаған  екен,  пускай  гулят. Оған  қарсы  болмау керек.  Мен  «анаумен  қыдыр  ма,  тек  қазапен  қыдыр.  Тек  қазаққа  тұрмысқа  шық,  тек  қазақ  қызына  үйлен  дегенге  қарсымын. Қазір  демократияның  заманы.  Әркімнің  еркі  өзінде  болу  керек. Маған  қисық аяқ  қазақ  қыздарынан  гөрі, орыс  қыздары  ұнайды. Олармен  қыдыру  үшін  мен  неге  қазақ  жігіттерінен  рұқсат  сұрауым керек?  Так  не  пойдет»  деп  күңк етті. Менде  өзге  жігіттерде  әлгі  досымыздың   айтқанын  ұнатпай  қалдық. Сіз  қалай  ойлайсыз?  Қазақ  қыздарының  көрінген  шет  елдіктің  трәпкесі  болып  жүре  беруін  қалайсыз  ба,  әлде?

Ерден  Шайқы