Сағаты 150 мың теңге: Елорданың элиталы жезөкшелері кімдерге қызмет етеді?

Елордалық элиталық жезөкшелер бай-бағландармен шетел асып, сағатына 150 мың теңгеден табыс табатын болып шықты. KAZ.NUR.KZ тілшісі ғаламторда толып тұрған “түнгі көбелектер” телефонына қоңырау шалып, олардың бір күндегі табысын біліп көрді.

Телефон тұтқасында өзінӘминадеп таныстырған бойжеткен әзірге тек қала ішінде ғана қызмет ететінін жайып салды.

Айтуынша, элиталы жезөкшеге айналу үшін оған әлі талай уақыт керек екен.

Өзім Шымкенттенмін. Әкешешім мұндай тірлікпен айналысып жүргенімді білмейді. Жасым 19-да, мұндай жұмысқа ақшаның жетіспеушілігінен шықтым. Осындағы колледждердің бірінде студентпін.

Негізі сағатына 50-100 мың теңге аралығында аламын. Егер қаланың ішінде болса 50 мың, ал сыртқа, коттедждерге шықсақ 100 мың теңгеге жуық аламыз.

Бұл кәсіпке құрбым алып келді. Қазір екеуміз қалада пәтер жалдап тұрамыз. Ал элиталы жезөкшелер шетелге жиі барады деп естимін. Әсіресе Дубайға жиі қатынайтын көрінеді.

Бізге әлі ондайдәрежегежету үшін, біраз уақыт керек. Себебі олар тек өте ауқатты, бай адамдарға ғана қызмет көрсетеді“, – деп түсіндірді бойжеткен.

Ал ғаламторда атыжөндері толып тұрған тағы бір жезөкшеге хабарласқанымызда сағатына 150 мың теңге алатынын айтты.

“Бойым 170, салмағым 53. Сайтта мен туралы барлық мәлімет бар. Бағасын да көріп отырған шығарсыздар. Элиталы деген санат та көрініп тұрСол себепті мен тек Дубай, Украинаға сияқты шетелдерге ғана шығамын. Басқа сұрақтарға жауап бере алмаймын“, – деп қысқа қайырды бойжеткен.

Ал жасы 17-дегі тағы бір қыз аталмыш қызметке енді ғана келгенін жеткізді.

“Мен бұл кәсіпке енді келдім, сайтта мен жайлы барлық мәлімет бар. Сағаты шамамен 30-50 мың теңге арасы болады. Алдын-ала хабарласып, нақты ұсыныс түскенде ғана жұмыс істеймін. Себебі тапсырыс көп“, – деп жауап берді бойжеткен.