“Шешінсем не болады?”: Ерке Есмахан клипінің 95 млн-нан аса қаралғанын айтып, мақтанды

Ерке Есмаханның 2017 жылы жарыққа шығарған “Қайда” атты бейнебаяны 95 миллион қаралым жинаған. Клипінің 100 миллионға жуық тамашаланғанын айтқан әнші Insta-stories-тетыңдармандарына алғыс білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші ашық-шашық бейнебаян түсірмей-ақ миллиондап көрсетілім жинағанын мақтаныш еткен.

“Шешінбей-ақ осындаймын. Шешінсем не болады? Тыңдармандарым менің, жақсы көремін сіздерді! Рахмет сіздерге“, – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Ерке Есмаханның “Қайда” бейнебаяны 2017 жылдың маусымында жариялаған. Қазіргі уақытта клиптің қаралымы 95 миллион 550 мыңға жеткен.

Сондай-ақ әншінің биылғы жылдың мамырында жарық көрген “1001 түн” атты бейнебаянын аз уақытта 5 миллион адам қараған.

Естеріңізге сала кетейік, “1001 түн” әні Атырауда ерлікпен қаза тапқан 24 жастағы полицейге арналған. 

Ер адам суға кетпек болған жанды құтқару кезінде қайтыс болған.