ШҚО-да қожайынын күтіп жүрген “Хатико” бар

Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында ит жолдың бойында қожайынын күтіп жүр, деп хабарлайды А354лтайньюс.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, иттің бұл жерден кетпей жүргеніне 10 күн болған.

Қожайынын күткен иттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралып жатыр. Адамдар оны “қалбатаулық Хатико” деп атап, тамақ беріп жүр. Алайда ит берген тамақты жемейді, жолдың бойында пайда болған әр адамға бір тесіле қарап, әлдекімді күтіп отырады екен.

Адал иттің қожайыны жақын арада табылар деген үміттеміз.