Тағдырым тасталқан болды

Ауылдастарымның бетіне  қараудан қалғаныма  міне алты айдан  асты. Көше  тұрмақ,аулаға шықсам елдің бәрі  мені көрсетіп, «қарабет», «бұзылған қаншық» деп табалап тұрғандай  көрінеді. Кейде  өмірді  тәркетіп,  о  дүниеге аттанып жүре бергім келеді. Бірақ  өмірдің мұншы  тәтті екенін сезініп, өзімнің тым  осал екенімді бағамдап,  тек көз  жасқа ерікбергенен басқаға шамам  жоқ. Мұнша күңіренетіндей  не боды  дейсіздер  ғой. Онда тыңдаңыздар.  Бірде әпкемнің бір  баласы  сырқанттанып қалып, аудан орталығындағы ауруханаға жатуға тура келді. Үйде  өзге балаларымен күйеуі  қалды.  Мен уақытша сол үйде жүре тұруыма  тура келді. Онсызда көбіне көп әпкем мен  жездемнің  үйінде  жүретінмін. Шай-тамақтарын  қамдап, жездем мен  балаларға  әпкемнің жоқтығын  сездірмей-ақ жүрмін.  Жездемнің азын-аулақ сал  серілігі бар. Жиын-тойларда жарқырап  ортада жүреді. Аздап  домбыра  мен  гитара тартып ән айтады. Тәп-тәуір ішетіні  тағы  бар. Кейде кешкілік «қолым қышып тұр.  Ақша  ұстайтын шығармын» деп  көшеге  шығып карта ойнайды. Сүйтіп  таң  ата келеді.  Содан бір  күні  түн ауа келіп  тұр. Кәдімгідей қызып алған. Ол кезде балалар ұйықтап  қалған еді. Мен теледидер көріп жатыр едім. Жездем шамды  сөндірген күйде мені  өзі  жататын бөлмеге сүйрей  жөнелді. Алғашында  түк  түсінбеген  мен, жездем  төсегіне  әкеліп атып  ұрғанда есімді  жиғандай  болдым. Бірақ кеш  қалдым. Жиырма алты жасар әлеуетті жігіт  қойсын ба, ал  мен  бар  жоғы 9 сыныпта  оқимын. Әлімнің келгені жездемді оңды-солды  төпелей  бірдім. Жездемнің жұбатқанда бар айтатыны: « сен сұлусың, сымбаттысың,ең  әдемі  қыз сенсің. Саған әпкеңде  жетпейді». «Қорықпа  мен тәжірибелі  адаммын, саған еш  нәрсе  болмайды». Балалық аңқаулығым ба,  бұрынмұндайды  көрмеген жаным осыны қалады ма, әйтеуір  жездемнің маған  деген «өліп-өшкен»  құмарлығына тосқауыл  бола алмадым. Жездеммен «кездесу» әпкем   ауруханадан шыққан  соңда  жалғаса берді. Өзімнің  жүкті екенімді әлсін-әлсін басым айналып, лоқси берген  соң, дәрігерге  қаралғанда бірақ білдім. Дәрігер  әйел «қарағым-ау  ең құрмағанда  мектепті бітірмепсің, мұның  не?  Енді алдыруға   кеш,  ішіңдегі   бала төртінші  айға айнала бастапты» дегенде  ойбай  салып жерге  отыра кеттім.  Қазір ауыл іші алып-қашпа өсек. Түтеп  тұр. Ұрыспаған, желкелемеген жан жоқ. Бірақ  тірі  жүрген  соң бәріне көнеді екенсің. Әпкем мен  жездем сол  оқиғадан кейін  көрші ауылға  көшіп кетті.  Тағдыр  салды,  бәріне көндім. Тек  бір нәрсе… Бірде Шалқар келді.  Шалқар екеуміз  жақсы доспыз. Ол меннен бір сынып жоғары  оқитын.  Шалқар  ең алғаш менің көңіліме сезімнің  ақ гүлін егіп, бала махабаттың не екенін  сездірген  аяулы  жан.  «Елдің  айтып  жүргені  рас па?»  деді  ол. Менде үн  жоқ. «Егер  рас  болса,  оныңда  (жездемді айтып отыр) қарындастары бар  ғой. Саған істегенді мен  де соларға   істеймін. Мұны  жай қалдыра алмаймын»  деп жылап жіберді де теріс  бұрылып жүре берді. Сонда  ғана  мен енді-енді бүр жарған бала  махабатымды  мәңгі  жоғалтқанымды білдім.  Сонда  ғана  мен  жездемнің  арам нәпсісін   қанағаттандырам деп  жүріп, өзімнің жауқазындай жас ғұмырымды  жоқ   еткінімді  сезіндім… Енді  өмірге балауса  жас қалпымда емес, он бес жасар  ана ретінде қарайтынымды ұғындым.. Ағыл-тегіл жыладым. Бірақ  бәрі кещ еді…

Кейде  ауыл ішіндегі  алып-қашпа өсектен кейбір  құрбыларымының аңғал басқан қылықтарын  естіп қаламын. Сондықтан өзімнің өкінішке  толы  аз  ғана  ғұмырымда  болған осы жайтты сіздерге  жазып, жолдап отырмын. Бір сәттік лаззаттың  құлы  болып, жас өмірлеріңді  өксікпен  өткізбеңдер дегім келеді. Бұл бір  өмірден таяқ жеген кішкентай қыздың хаты.  Сіздер не  дейсіздер?

Аян Мырзабек