Тері обырының себептері

Ұйқының жеткіліксіздігі осы ауруға себеп болуы мүмкін. Дәрігерлер тері обырының күтпеген үш себебін анықтады.

Қауіпті аурудың пайда болуына темекі шегу және пестицидтері бар өнімдерді тағамға пайдалану әсер етеді.

Америкалық Skin Cancer Foundation ұйымының мамандары тері обырының пайда болуына ұзақ уақыт бойы күн астында жүргеннен бөлек, ұйқының жеткіліксіздігі, атап айтқанда меланин гормонының тапшылығы әсер етуі мүмкін екенін айтады. Сондықтан мамандар кешкі сағат 11-ге дейін ұйықтауға кеңес береді.

“Қалыпты” меланин теріні қауіпті ультракүлгін сәуледен қорғайды. Сондай-ақ, ол күшті антиоксидант ретінде А және С витаминдеріне қарағанда еркін радикалдарды анағұрлым жақсырақ “сіңіре алады”.

Қауіпті меланоманың өсуіне темекі шегу де әсер етеді. Тағы бір қауіп құрамында пестицидтер мен улы тағамдық қоспалар бар өнімдерді пайдалану болып табылады.

BAQ.KZ