Туысыма үйленіп, құдай ұрды!

Басымнан өтіп жатқан мына бір мәселенісіздермен бөлісе отырғанды жөн көрдім. Бәлкім бұл көптеген азаматтарға сабақболар.

Жағдай былай, мен өз аталасымның қызынаүйленген адаммын. Олар көрші ауылда тұрды. Туыс болған ара-тұра барыптұратынмынСөйтіп жүріп Ақнұрдыұнатыпқалғанымды білмей қалдым. Ол да солай.

Екеуіміз бір-бірімізді көрмесек тұраалмайтын халге жеттік. Әрине, мұныбайқап қалған ағайындар «Бұларың не, қазақ жеті атаға дейін аталас туысқасаналып, отбасы құруға рұқсат етілмеген.

Балалық жасамаңдар. Сүйекке таңба болады. Ертең балаларың мүгедек, кемтар болып туады. Қасіретін өздерің де, балаларың да тартады», деп басу айтқан, тіпті ұрсып айтқандар да болды.

Бірақ жастықтың қызуы ма, әлде Ақнұрекеуіміздің бір-бірімізге деген махаббатымыздыңкүштілігі ме, әлгі айтқандардыңешқайсысын құлағымызға ілген жоқ едік. Сонымен мектепті бітіріп, оқуға тапсырдық. ОлҰБТ дан сәтті өтіп, студент атанды. Мен өтеалмадымӘскерге алындым.

Бірақ ол да Ақнұр екеуіміздіңқатынасымызға бөгет болмады. Ақнұр Алматыда оқыды. Мен де солқалада орналасқан бір әскери бөлімдеазаматтық борышымды өтедім. Ол келіптұрды.

Бір жыл деген не, зу етіп өте шықты. Әскердібітірісімен мен Алматыдағы бір шағынкомпанияға жұмысқа тұрдым. Ақнұржатақханадан шығып, менімен бірге болды.

Былайша айтқанда, бірге пәтер жалдап тұрдық. Мұның бәрін ауылдағылар білген жоқ. Білгендеәңгіме басқаша болар ма едіСөйтіп жүріп Ақнұржүкті болды. Тек ол тууға перзентханаға түскендеғана «Жағдай осылай болып қалды. Ренжімеңдер» деп екі жаққа да телефон шалып, кешірім сұрадым. Ауылдағы бүкіл туған-туыстулап барып басылды. Кейінен кішігірім той жасадық.

Бір өкінішті жағдай, дүниеге келген қызымыз даундертіне шалдыққан, мүгедек болып қалды. Сонда ғана ағайын-туыстың «аталастар қыз алыспайды, арты жаман болады» дегені еске түсіп, бармағымды тістеледім.

«Жарайды, алғашқы бала солай болды екен депкелесі баладан үміт үзбейік. Анау көрші өзбектерде туған-туысына үйленіп жатыр ғой. Ауырып, қырылып жатқаны шамалы. Қайта қоян секілдікөбейіп, демографиясы өсіп бара жатыр. Мүмкін, келесі баламыздың дені сау болар» деп ойладық.

Әйелім тағы босанды. Құдайдың бізге жібергензауалы ма, білмедім. Бұл қызымыз да тым дімкәсболып шықты. Міне, жеті жасқа келді. Тілікүрмеліп, дұрыс сөйлей алмайды. Апармағанжеріміз жоқ. Бәрі жұбатып «жақсы болады» депшығарып салады. Басқа түскен соң бәріне көнедіекенсің. Тағы бала көруге қорықтық. Өйткені осы екі баланың мүгедектігі де оңайға тиіп жатқанжоқ.

Кейде әйеліміз екеуіміз бір-біріміздікінәлап «неге үлкендердің сөзінтыңдамадық. Неге туыс бола тұраүйлендік» деп ренжісіп жатамыз.

Рас, атамыз қазақ жеті атаға дейін қыз беріп, қызалыспай, қанның тазалығын сақтап келгенініңосындай себептері бар екен ғой. Кеш түсіндік.

Ажырасып, басқаға үйленейін деген ой жоқ. Өйткені мүгедек болса да балаларымдықимаймын. Мен кетсем оларға жалғыз шешесініңәлі келе ме? Әрине, жоқ. Әйелім екеуміз «не де болса, өле-өлгенше осы екі баланы асырап-қағыпөтеміз», деп отырмыз.

Бұл біздің басымыздан өткен жағдай өзгелергесабақ болсын деген оймен әлеуметтік желігежүктедім. Жақыныңызға жолай көрмеңіз, бауырым.

Ермахан Айдар