Видеоға түсірген. 17 жастағы волейболшы қызды үш полицей зорлады

26 тамызда Анапа деген курорттық қалада жағажай волейболынан Ресей чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс бітіп, кешкісін жұрт тынығып, демалуға айналғанда, 19 жастағы спортшы қыз өзі қатарлы жергілікті бір жігітпен таныса қойып, ешкімге байқатпай, әлгі жігітпен теңіз жағасында жыныстық қатынасқа түсуге кетіп қалады.

Қас қылғанда, жыныстық қатынасқа түсіп жатқан екі жастың үстінен үш полицей түседі. Полицейдің бірі телефонын шығара қойып, қоғамдық орындағы секстің шет жағасын видеоға түсіріп алыпты. Полициядан қатты үркіген жігіт қашып кетті. Ал қыз үш полицейдің қысымына түсті. “Не істеп жүргеніңді тренеріңе айтамыз” деп, жас спортшыны қорқытқан полицейлер оны енді өздерімен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген екен.

Бірі күзетте тұрып, екеуі кезек зорлапты, деп жазады “КП”.

Базаға оралып, түнімен жылап шыққан қыз таңертең болған оқиға жайып салды. Зорлық жасаған полицейлер ұсталды, олардың аты-жөндері де белгілі болды – 28 жастағы сержант Алий Казанчи, 26 жастағы аға сержант Рустам Наниз және 28 жастағы сержант Леонид Паланчук екен. Күдіктілер қазір қамауға алынған. Оқиға салдарынан Анапа полициясының бастығы Андрей Рапп қызметінен шеттетілді.