
Димаш Құдайбергеннің су жаңа Couldn’t Leave (“кете алмаймын”) атты өлеңі жарық көрді, ол қытай телехикаясының саундтрегі екен, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа әннің бейнебаянын Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. “Қытай телехикаясына саундтрегім түсірілді. Сіздерге ұнайды деп үміттенемін”, – деп жазған ол видео түсініктемесіне. Жас әншінің жанкүйерлері бейнебаяннан таңданысын жасырмай, көптеген пікір қалдырып жатыр. “Өте əдемі орындау!!!”, – деп жазған iskulovna_rr аккаунтының иесі. “Димаш бауырым, өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді, еліңді ұмытпа. Жарайсың, талант иесісің”, – деген Досдан (doszhanabdu) есімді қолданушы. “Не деген еңбекқор қазағым, тіл-көзден аман болсаң екен!”, – деген Жазира (zhasira_84_astana) есімді қазақстандық.