Жиырма бірінші ғасырда әмеңгерлік керек пе?

Өмірде өз  дегенің  үнемі  бола  бермейді  екен. Осыдан  біраз  уақыт бұрын    мен  қандай  бақытты  едім. Мектепті  бітірген  соң,  өзім  қалаған Жоғарғы  оқу  орнында  оқыдым.  Студенттік  өмірдің  бал-шырынын  таттым. Одан  өзім  сүйген  жігітке  тұрмысқа  шықтым. Ата-енемде  жаман  адамдар  емес.  Келінім  деп  емес,  «қызым»  деп   еміреніп  тұрды. 

Егіз  ұлымыз  дүниеге келді.  Сүйтіп  отбасымызда  ақ  түйенің  қарны  жарылып  қалған…  Ол  күндер  қандай  ғажап,  қандай  аяулы  шақтар еді. Әттең  алла  тағала  өміріңді  өзгертем  десе,  оңай  екен.  Күйеуім  Шалқар  өз  көлігімен Жетісаймен Шымкент арасына  адам тасып  тәп-тәуір  нәпақа  тауып  жүретін.  Өйткені Политехтің тау-инженерлік    бөлімін бітірген  еді. Оған сай  жұмыс  Жетісайда  қайдан  болсын. Содан   дипломын   сандыққа  салып  қойып, жұрт  секілді таковкамен айналыса  бастаған. Содан  бір  күні  Шымкентке  бара  жатқан  жолда   апатқа  ұшырап,   қайтыс  болды. Артында   екі  баласын  құшақтап  мен  қалдым. «Өлмектің  арт ынан  өлмек  жоқ»  дегендей   ата-енімнің,  өзімнің   әке-шешемнің  қамқорлығы  арқасында  бұл  қайғыны  да  өткердім. Уақыт  өтіп  жатты. Күйеуімнің  жылын  өткенрген  соң, өз  әке-шешем  «Барған жерің  риза  шығар.    Күйеуіңнің  жылын  өткіздің. Енді  ол  босағада  қарайлайтын  ештеңе  қалған  жоқ.  Басың  жас.  Енді  ғана  жи ырма  беске  келіп жатырсың. Үйге  кел. Балаларды  біз  қараймыз. Жұмыс істе. Басыңдағы  қайғы –қасіретті  ұмыт. Жақсы  жігіт кездесе  қайтадан  тұрмысқа  шық. Өмірден озған  күйеуіңнің  босағасын  күзетіп  отыра  бер  ме»  деген  әңгіме  айтты. Бір  қарасаң әке-шешемнің  айтып отырғаны    шындық.  Әке-шешемнің  айтқандарын   ата-енеме  айтып  едім,  ыршып  түсті.  «Жоқ айналайын  біз  сені  енді  жібере алмаймыз.  Жомарт   (күйеуімнің   есімі) ҚАЙТЫС  БОЛҒАНМЕН  ОНЫҢ  АРТЫНДА  ІНІСІ  Жолдасбек  бар.   Құдай  қаласа   келер жылы  мектеп бітіреді. Біз  сені  соған  теліп  отырмыз. Қазақ  ертеден  жесірін  қаңғытпай, күйеуі  өлсе,  қайынағасына немесе қайынінісіне, әмеңгерлік  жолмен әйелдікке  беріп  отырған.  Біз  сені  келер  жылы Жолдасбекке аттастырсақ  деген  ойдамыз. Оған  қарсы  болмассың. Жомарттың  мына  егіз  ұлы сыртқа кетпесін,  күйеуіңнің  шаңырағында  қалсын   деп шешіп  отырмыз» дегені.  Не  дерімді  білмей  қалдым. Көзіме  жас  толып  сыртқа  шығып кеттім. Әрине күйеуімнің  отын сөндіргім келмейді.  Бірақ  оның  өзімнен  сегіз  жас кіші  інісімен  қалай  шаңырақ  құрамын.  Қалай  оның  қойнына  жатамын. Менің  қинағаны  осы. Әке-шешеме ата-енімнің айтқандарын айтып  едім,  өзің  біл,  қабырғаңмен кеңес. Ата-енеңнің  көңілін  жықпай, айтқандарын  қаб ыл  алып,  ертең  өмір  бойы  өкініп  жүр  ме? Оның  үстіне   жас   бала  саған  үйлене  қоя  ма,   қазір  заман  басқан. Баяғы  кезең  емес. Осының бәрін таразылап, бір шешімге  кел»  дегеннен артық  ештеңе  айтпады. Не  істерімді  білмей  жүрмін. Ақыл-кеңес  беріңдерші!

Нұрила